Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар



Pdf көрінісі
бет85/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#88182
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   134
Байланысты:
ZhambylKaldybaev .Tandamaly

 
 
 
-141- 


қуанып
тұр. Өйткені әншейінде Бауыржанның бұлай үй ішін апыр
-
топыр қылып шапқылағанын 
мен көтерсем де, ол көтермейтін.

Бауыржан, Абылай болуды саған кім үйретті?

Бүгінгі ертеңгілікте тәрбиешіміз үйретті!

Ертеңгілігі несі?
Менің бұл сұрағыма апасы жауап берді.

Бүгін бүларда қазақ хандары мен батырларына арналған ертеңгілік өткен.
Мен істің жайын сонда барып ұқтым

 
 
МЕЙЛІ, ОЙЛАНСЫН!
 
Балабақша ауласында әр топтың өз алаңқайы бар. Әр алаңқайда мініп алып, шоқырақтап 
отыратын ағаш та, қорбиған тұлып қонжық, мүйізі шыршадай бұғы, асыла кететін әткеншек, 
жылтыр қаңылтырдан жасалған сырғанақ, әйтеуір, не керектің бәрі табылады. Сонан бәрі қашан 
көрсең де ағы ақ, қызылы қызыл болып жарқырап тұрады.
Сабыр мен Мақсаттың, яғни ересек балалардың алаңқайы
балабақшаның түстік жағыңда. 
Балалар далаға шықты болды, осында шүпірлесіп ойнайды да жатады. Бұл топтың қыздары мен 
балалары ешкімге көз алартып көрген емес, сөйте тұра, олардың оң жақтағы көршілері —
естиярлар тобындағы Серік
пен Еркін қалай да оңашасын тауып, бұлардың алаңқайына кіріп 
кетіп, бір нәрсені бүлдіруге құмар
-
ақ. Кеше аттарын құлатып тастап кетіпті, бағана 
алаңқайларына айнала тізіп, әктеп қойған малта тастарды шашып, рәсуа етіпті. Мұны не деп 
болады?

Қайтпек
керек? —
деді Сабыр кәдімгідей уайым қылып.
Шот қабағы түйіліп, қой көзі 
тұнжырап кеткен.

Өш
алмаса, болмайды, —
деді Мақсат қызбаланып. Жұқа
бидай өңі алаулап шыға келді.

Сонда не істейміз?

Не істейтіні бар, біз де олардың алаңқайының быт
-
шытын шығарайық.

Ол болмайды. Ұят.

Несі ұят! Мұны істеген Серік пен Еркін. Кел, онда солармен төбелесейік.

Төбелесу —
тәртіпсіздік.
-142- 



Айттым ғой, ең дұрысы —
алаңқайларына тиісу.

Қой


Не, сен қорқасың ба, онда өзім қиратамын барып. Сенде намыс жоқ екен.
Сабырдың
намысы неге болмасын, қозып шыға келді: 

Жүр!

Тоқта! Түстен кейін, ұйқы кезінде барып жайрату керек.

Мақұл. Келістік.
Күнде Анар апайдан бір
-
екі ескерту естімей ұйықтамайтын Сабыр мен Марат бүгін жастыққа 
басы тиісімен, «қор» ете қалды. Бұл
ел тез
ұйықтасын деген қулықтары еді, жоқ, өздерінің де 
көздері ілініп кетіпті.
Алдымен Сабыр оянды, төсегінен ақырын сырғып түсіп, Мақсатты түртті:

Мақсат тұр!
Мақсат көзін уқалап, аузын аша берді:

А
-
а...
Сабыр өз аузын басты:
-
Тс
-
с
-
с...
Мақсаттың
көршісі Күләш
оянып кете жаздады, ұйқысырап, бірдеңелерді былдырлап барып 
тынды.
Сабыр мен Мақсат демдерін іштеріне тарта қалған. Күләш қайта ұйықтады
-
ау дегенде, 
аяқтарын ақырын
-
ақырын басып, есікті көздеді. Табалдырықтан аттап сыртқа шығысымен, 
алаңқайды бетке алып жарыса жөнелді.
Әрі
қарай бәрі ойлағандай
болды, көршілерінің 
алаңқайларын туталақай етті: аттарын, аюларын сұлатып салды, тағы басқа да ойыншықтарына 
қырғидай тиді.
Екеуі былайғы дүниенің бәрін ұмытып, тізілген малта тастарды тепкілеп шашып жатқан, кенет 
төңірек шу ете түсті. Олар екі топтың
балаларын көрді. Кәдімгі бір құбыжық көрген дерсің, еліріп 
алған. Екеуінің де демдері бітіп,
буын
-
буыңдары босап, сылқиып тұрды да қалды.

Мыналар екен ғой,
біздің алаңқайларымызға тыныштық бермей жүрген.
Бұл Күләш
айтатын сөз бе еді? Екеуі мұны өз тобының намысы үшін істеп отырса, қара, айтып 
тұрғанын! Өстіп мойныңды ішке алып сүмірейіп тұра бергеннен басқа
амал жоқ енді. Ортаңғы 
топтың тәрбиешісі Сара апай:
 
-143- 


-
Міне, мәселе қайда жатыр? —
деп мырс етті
.
Анар апай жүзі сынып, төменшіктеді:
-
Қайдам
?.. 
Сабыр апайларын аяп кетті.
-
Иә, біз —
тәртіпті балалармыз. 
Балалар ду күлді. Сөзге Мақсат араласты:

Шын, Сабыр дұрыс
айтады, апай. Біз —
жақсы балалармыз, мұны әдейі істедік.

Қалайша
?
Анар апайдың
айтыңдар, тағы да айта түсіңдер деп тұрғанын Сабыр да, Мақсат та түсіне 
қойды. Екеуі жарыса жауап қатты:

Ана Серік пен Еркін біздің ойыншықтарымызды күнде шашады.

Біз өш алдық.
Сабыр мен Мақсаттың тобы ұйымшылдық танытты:

Рас, апай.

Үнемі
сөйтеді. Әне, қараңызшы, ана құла аттың құлағын жұлып тастапты.
Серік пен Еркіннің тобы қарап тұрсын ба, олар да дауыс көтерді:

Апай, өтірік айтады.

Өздері

бұзақы балалар.
Тәрбиеші апайлар не дерін білмей, абыржып тұр.

Сонда сендер кімге жамандық жасадыңдар? —
деді
сосын Сара апай.
Айтыңдаршы, кімнің 
мүлкін бүлдіріп жүрсіңдер? Бұл сұраққа Сабыр мен Мақсат қана емес, Серік пен Еркін де жауап 
берсін, —
деді Анар апай.

Біз Серік пен Еркінге жасадық мұны.

Әуреге
түсіп жинасын екеуі енді алаңқайларын. 
Сабыр мен Мақсаттың бел алып бара жатқанына Серік пен Еркін шыдаушы ма еді, олар да 
айқайлап шыға келді:

Біз де шашамыз сендердікін...
-
Шашу аз, қирату керек.
Екі апай да қатты қапа болды, не үйреткен мына балаларға?!

Балалар, бәрің ойланып көріңдерші, мыналардың айтып тұрғаны жөн бе, жоқ, басқаша ма?

Сөйтіңдер, бәрің жақсылап ойланып айтыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет