АЛҒАШҚЫ ЕРТЕҢГІЛІК Мен бір ұзақ жолдан келіп ұйықтап жатқанмын. Кенет оянып кеттім. Көзімді аша бергенім сол
еді, қолыма қыстырылған қағаз тиді.
-
Көке, мә, подарок.
Менің
балам —
Бауыржан мұны айтып тұрған.
Бағана ол балалар бақшасына кетерде мен де оған жолдан әкелген сыйымды беріп, шығарып
салған едім. Айналайын сенен, Бауыржаным!
-
Бауыржан, мен тәттіні жемеймін ғой, мә, өзің ала ғой.
-
Жоқ, көке, ішіңде алма бар, біреуі сенікі.
Мен баламның риясыз көңілін қимай, бір алманы қолыма алып, ақырын
-
ақырын жей бастадым.
Балам аптыға жеді. Соның нәтижесі —
ол өз алмасын менен әлдеқайда бұрын тауысты.
-
Білесің, көке, менің
не жегім келіп тұр? Алма жегім келіп тұр.