-
Мә, жей ғой, Бауыржан.
Бауыржан бұл алманы да апыл
-
ғұпыл жеп, тез тауысты. Енді
ол қолына алуан түрлі дәмнен
құралған сыйлық салынған қағазды алды. Бұл жолы сыйлық ішіндегі әдемі дәм —
вафлиді
шешесінің аузына тосты. Шешесі вафлиді шетінен сындырып, аузына сала бергені сол еді,
Бауыржан тағы сөйлеп қоя берді:
-
Білесің, апа, менің не жегім келіп тұр? Вафли жегім келіп тұр.
-
Мә, жей ғой, Бауыржан.
Бауыржан вафлиді де көпке жібермей жеп тауысты. Бұл —
оның балалығы ғой. Біз мұнысына
көнеміз. «Подароктың» ішінен Бауыржанның өзіне көп нәрсе табылады, әрине. Түрлі печенье, сан
алуан кәмпит. Мұның бәрі —
Бауыржанға әдемі
-
ақ «подарок». Бірақ бізге әуес ас емес. Баламыз
осыны түсініп тұр. Ол біз үшін «подароктың» ішінде көп қызықтың қалмағанын білді.
-
Апа, мен ақ көйлегімді киемін.
-
Не қыласың оны киіп?
-
Киемін. Бағанағы қара трусигімді де киемін.
-
Не қыласың оны киіп?
-
Киемін. Бағанағы ақ гольфигімді де киемін.
-
Не қыласың оны киіп?
-
Киемін. Бағанағы қара бәтеңкемді де киемін.
-
Кисең, кие ғой.
Бұл —
оның сотанақтығы ғой. Біз оны көтереміз.
Бауыржан ендігі бір сәтте бар киімін киді де, әдемі бір сүйкімді күйге енді. Маған солай
көрінгенімен, бұл киіміне өзі разы болмады.
-
Енді көкемнің костюмін киемін.
-
Ойбай
-
ау, ол саған үлкен емес пе?
-
Үлкен. Абылайдың да шапаны үлкен ғой. Мен Абылай боламын.
Біз енді оған менің костюмімді кигізбек болдық. Бірақ ол мұны киген жоқ, үстіне жамылды.
Омырауын
түйреуішпен түйретті. Сөйтті де, қолына өзінің пластмассадан жасалған қылышын
алып, үйдің ішін опыр
-
топыр қылып, әрлі
-
берлі шапқылай бастады. Ол күнде бұлай етпейтін.
Мынау баламның саналылығы ғой. Мен баламның Абылай хан болып шапқылағанына
қуандым. Апасы да
Достарыңызбен бөлісу: