Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар



Pdf көрінісі
бет80/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#88182
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   134
Байланысты:
ZhambylKaldybaev .Tandamaly

 
* * * 
Кәкен кинодан келсе, атасы терлеп
-
тепшіп шай ішіп отыр. Таң қалды. Бұл уақытта атасы мен 
әжесі ұйқыға қам қылып жатушы еді. Тіптен жатып та қалатын.

Қайда
жүрсің, қарағым? 

деді атасы. Жауабын да күтпей, еңкейіп кемпірінің қолына 
кесесін беріп жатыр.

Кинодан келдім.
Әжесі
кесені қолына алған бойы бағжаң ете қалды:

Бұл не деген таусылмайтын кинә өзі! Кинө, кинә деп күнде тентірегенше, атаңа 
көмектессең нетті? Өлімші болып жаңа жетті.

Не болды, ата?

Ештеңе жоқ. Сен баланың мазасын алмай тыныш отыр. Керек киносын көреді де балалар. 
Онда нең бар?

Өзің
емес пе, жаңа бригадир «тез бітіріңдер» деп кетті деген? Текке көше таптағанша 
барсын, көмектессін саған


Мейлі, онда. Ертең мен де барайын, ата.

Қой, балам, буының қатсын. Жаның тірі болса, жұмыс табылар. Сеңдер істемегенде, осы 
жұмысты кім істемек? Біздің сиқымыз болса мынау.
 
-131- 



Жасымсытатын ештемесі жоқ. Отау иесі болатын уақыт жетті ғой, бұрынғы уақыт болса. 
Барсын!

Барамын.

Кел тамағыңа.
Әжесі
Көкеннің алдына табақпен ет, кесе толы сорпа әкелді.
Сорпа ішпеймін. Шай ішемін. —
Көкен сорпаны кейін жылжытты.

Іш. Реңің кірмейтіні осы ғой. Ет —
етке, сорпа —
бетке. Ішіп ал, күнім. Мен саған ұрыссам, 
жақсы болсын деп ұрсамын. Ішіп ал осыны...
** * 
Кәкен атасы екеуі бір шұңқырға
түсіп істеді. Ал атасы күңде Дембай екеуі бірлесіп істейтін. 
Содан екенін, жоқ өздерінің әдеттері екенін, екі қария өлсін
-
өлсін тысқа шығып, насыбай атып
демалып отыра берді.
Сондай бір ретте, Кәкен бір айырды көтере бергенде, әлгінің астынан құлаштай қара шұбар 
жылан шыға келді. Көкен анадай жерге атқып шықты. Жылан жиырылып алып, қап
-
қара айыр 
тілін сумаңдатты. Кәкен ептеп бойын жиды. Жақындап келіп, жыланды айырымен салып өтті.
Жыланды өлтіргесін, Кәкен сергіп қалған. Енді сол жыланды атасының аддына көміп, қызық 
көрмек болды.
Атасы келіп жұмыс істей бастады. Көкен күлкіге булығып тұр. Үні шығып күлермен болған
соң, аяғының астына тесіліп, құдиып алған. Қалай болғанын байқамай қалыпты, атасы балаша 
секіріп арбаңдап жүр. Мойнында өзі көмген жылан, түсетін емес. Атасы басыңдағы бөркін жұлып 
алып, мойнын сабалады. Жылан жерге былқ ете түсті. Сұлқ жатыр. Атасы барып қарады.

Мына патшағар тірі ме, өлі ме? —
деп аударыстырып үңілді

Кәкен алғаш күліп, кейін өзі де қорқып қап, сұп
-
сұр боп тұрған. Атасы баласына қарады. 
Түсіне қойды. «Баламысың деген! Бүйтіп те ойнайды екен?»
** * 
Енді кешке дейін шүйіркелесіп сөйлеспеді. Көздері тайқып, қашқақтай берген. Ауылға да 
үнсіз келе жатты. Дал

-132- 


дан қарт дәл қазір өзіне ренжіді... «Менікі не? Өліп қалған жыланға бола түйеше тайраңдап! 
Балаға күлкі болдым».
Кәкен де қысылып келеді. «Қап! Мойнына оралады деп ойласамшы. Екі ортада атамды 
ренжіттім».
Кәкен атасына бір жылы
-
жылы сөздер айтпақ болды. Бірақ ол аузына түспеді. 
Тілінің ұшында тұр, шықпайды.
-
Ата! —
деді ауыл қарасы көрінгенде. Үні қарлығып шықты. —
Бағанағыға ренжіп 
қалдыңыз
-
ау!
-
Жоқ, неге ренжиін? Шаршап келем.
-
Ататай, ренжімеңіз, мен ешкімге айтпаймын.
-
Айта бер, қарағым. Қартайғанда бір балалығы дер жұрт. Айта бер.
-
Жоқ, айтпаймын, ататай!
Жаңдарынан бір ауыр жүк машинасы өтті. Қалың қою шаңның арасында қалды. Далдан қарт 
атына қамшы басқан, шаң тұманнан сытылып шыға берді.

Дұрыс, балам, дұрыс. Қартты қорқытып алып, аяғансиқыңнан айналайын сенің.
Атасы Кәкенді бауырына тартты. Кәкен мұрнын атасының қолтығына тыққан, ыстық екен. 
Көңілі жадырап, еңсесін басқан
ауыр жүктен құтылғандай болды.

Тентегім, жақсы бол!
Атасы Кәкенді арқасынан қағып, бауырына қыса түсті



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет