әдемілеп
бекітгі. Жерге түсіп, анадай жерден бұрылып қарап еді, «Әліппе» деген қызыл жазу мен
мұндалап бүкіл терезені сәндендіре түскендей екен. Көкірегін қуаныш сезімі биледі.
Тайжан бұзаулардың астына сабан төсеп жүріп, әлгі сынған
көздің жымдай боп бітеліп
қалғанын көрді. «Қағаз ба өзі, немене?» деп қайран қалды. Жақын келіп, үңіліп қараса, кітаптың
қабы
.
«Е
-
е, мұны бітеп жүрген Жұмаш екен ғой. Қарай гөр, ей! Бір айналайын бала өзі. Кітабы
өзіне керек емес пе екен? Бір ебін жасайтын ек қой» деп ойлады.
Ертеңіне бірінші сабақ «Әліппе» болатын. Жұмашпен бірге отыратын тазалықшы Майра:
-
«Әліппеңнің» қабы қайда? Неге жыртасың? —
деп жатып жабысты.
Жұмаш не дерін білмей, тұнжырап отыра берді. Не демек?.. Ол Әділ досын әшкере еткісі келмеді.
Өз ісін елеусіз санады.
Нұрғиса ағай балаларды түгендеп болар
-
болмастан,
Майра қолын көтерді.
-
Ағай, Әбиіров «Әліппесінің» қабын
жыртып тастапты.
-
Әбиіров, Майра рас айта ма? Неге жыртасың?
Жұмашта үн жоқ. Қып
-
қызыл
боп жерге
карап тұр.
-
Сені,
тәртіпті, жақсы
оқушы деп жүрсек.
Оның нең, кітабыңды бүлдіргенің?
Жұмаштың астыңғы
ерні салбырап, көзі жасаурай бастады. Белгісіз бір сезім
жүйке
-
жүйкесін
босатып бара жатыр. Жұмаш басын жұлып алды. Балалардың бәрі состиып қарап қалған. Тек
Әділ
ғана партаға жабысып, құнысып отыр.
-
Әділ
байқамай сарайдың терезесін сындырып алды. Соған
...
Жұмаш сөйлей алмай өксіп кетті.
Партаға мөлт
-
мөлт тамшылар жарыса тамды.
Достарыңызбен бөлісу: