Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар



Pdf көрінісі
бет88/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#88182
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   134
Байланысты:
ZhambylKaldybaev .Tandamaly

 
 
 
-146



Екеуі тастардың бірінен соң бірін ұстап, қозғауға әрекет жасап көрді. Зіл батпан ауыр тастар 
былқ етуші ме еді? Мәселе тасты орнынан жылжытуда емес, әрекет жасап көруде. Ойын қызығы, 
міне, осыған ойысты.
Қасым
шеткерідегі бір тасты қатты
-
қатты ырғап қалып еді, қозғалғандай болды.

Қайрат, жүгір, мына тас орнынан жылжыды. Кел, көтер бір жағынан, құлатамыз.

Неге?

Құлатып тастайық. Көктемде жөндейді.

Қызықсың сен. Кейін жөндейді деп, әп
-
әдемі нәрсені бүлдіруші ме еді?

Бүлдіреді. Маған көмектесесің, көмектеспесең, ойнамаймын.

Ойнамасаң, ойнама. Мен бұл тастарға енді қайтіп қолымды тигізбеймін.

Сөйттің ғой. Онда мен саған өкпеледім, үйге кетем. 
Қасым
теріс айналып жүре берді. Қайда барады, тас
жақтауға барып тірелді де тоқтады. 
Екеуінің де бойынан ток жүріп өткендей болды. Мәссаған, екеуі де шыға алмайды екен ғой мына 
хауыз ішінен. Екеуі үрейлі кейіппен бір
-
біріне едірейе қарады.

Ал кетпедің бе үйіңе?

Кетем. Мықты болсаң, өзің шығып көрші! Бізге енді шығу жоқ бұл шұңқырдан. Мені осында 
ертіп келген сен. Мамама айтам! Ма
-
ма...
Қасым
бақырып жылап қоя берді. Қайрат сасып қалды.

Қасым, қой, жылама кішкентай бала құсап.

Мен сенен кішкентаймын, жылаймын.

Жылама, сен менен көп кіші емессің.

Көп кішімін. Сен бірінші сыныпта оқисың, мен мектепке ендігі жылы барам.

Бір жас та сөз бе?

Сөз. Жылаймын. Ма
-
ма
-
а...

Қасым, жарайды сен кішісің, мен үлкенмін. Сен менің айтқан
тілімді ал, сонда қазір
-
ақ 
шығамыз.

Қалайша


Сен менің аяғымнан алып көтересің, сөйтіп алдымен мен шығам, содан соң сені тартып 
шығарамын.

Жоқ. Алдымен мені шығар.

Сен мені тартып шығара алмайсың ғой.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет