Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар



Pdf көрінісі
бет90/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#88182
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   134
Байланысты:
ZhambylKaldybaev .Tandamaly

 
 
 
-148- 


ҚИСЫҚ ШЫБЫҚ
 
Нағима апай екі достың бір нәрсеге келісе алмай қалғандығын
бірінші сабақ басталысымен
-
ақ 
сезді. Екеуі бір
-
бірінен қашқақтай берді. Әсіресе, Әлмен бұртаң
-
бұртаң етіп, Болатқа жолар емес. 
Бір партада отырып, бұлай ету жараспайды екен. Екеуі мектеп табалдырығын алғашқы аттаған 
күннен бірге отырып келеді. Сол екі жыл ішінде бүйтіп көрмеген тату достар бүгін айнып 
қалыпты. «Не болды екен бұларға? Өздері табысар». Бірақ екеуі күні бойы жақындаса қоймады.
Соңғы сабақ аяқталуға жақын қалған. Нағима апай екеуінің жанынан өтіп бара жатып, 
Болаттың:

Айтсаңшы, айт,

деп сыбыр ете қалғанын естіп қалды

Әлмен
теріс қарап кетті.

Қорқақ

Мектеп есігінен шығысымен, балалар үйді
-
үйіне тарап кетті. Тек Болат қана кейіндей берді. 
Міне, Нағима апай шығып
келеді. Қолтығында бір бума дәптер.

Апай!

Ау, Болат. Иә, бір нөрсе айтқың келді ме?

Иә, апай, біз байқамай жас шыбықтың бірін сындырып алдық.

Қалайша? Кәне, жүр көрейік.
Нағима апай мен Болат мектеп стадионының сол жақ шетіндегі арық бойына отырғызылған 
қалың
шыбықтарға бет алды. Апай анадайдан байқады: қара ағаштың бір көшеті сұлап жатыр. 
Жанына келді. Шорт сынбапты. Тек шытынап
-
шытынап жарылып, майысып қалыпты.

Неге сындырдыңдар?

Бұл қисық екен. Әлмен жығып алып, түзетемін дей бергенде, шарт ете түсті. Екеуіміз де тұра 
қаштық. Сізге айтайық деп едім, Әлмен қорықты. «Осыны айтсаң, сатқынсың» деді. Мейлі, менің 
шындықты айтқым келді.

Оның дұрыс болды. Айтпағанда бұл шыбық қурап қалатын еді. Енді мұны біз өлтірмейміз. 
Әлмен өз қатесін мойындар. Сөйтіп, екеуің табысып кетесіңдер.
Нағима апай қалтасынан қол орамалын алды да, шыбықты тұрғызып, мықтап таңып қойды. 
Болат қарап еді, бағанағы өздері түзетпек болған жер сол қалпы қиса



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет