-
Енді не қыл дейсің? Жүр, кеттік.
-
Тоқташы, сәл ойланып алайын.
-
Ойлан, ал.
Сабыр ойланып тұр. Мейлі, ойлансын!
ҮЗЕҢГІЛІК
Бұл екеуі мұнда ойнауға келген. Әуелі екеуі хауыздың тас жақтауының үстіне секіріп
-
секіріп
шығып алып, әрлі
-
берлі жүгіре бастады. Осының өзі де аз емес еді.
Жақтау әжептөуір жалпақ,
бірақ биіктеу. Абайлау керек, әйтпесе құлап кетуің мүмкін. Ойынның қызығы да осында —
жығылып қалмай жүгіруде болатын. Екеуі ешқандай сүрінбей
-
қабынбай жақсы
-
ақ жүгірді,
секірді.
Бір кезде Қайрат хауыз ішіне әдейі қарғып түсті. Одан Қасым қайтіп қалсын.
Ізінше тас
еденге дік ете қалды. Хауыз ішіне екеуі бекер түспепті, ермек етерлік оны
-
мұны жетерлік екен.
Алдымен сүтті сиырдың емшегіндей кере қарыс су атқылайтын түтіктерді қайта
-
қайта ұстап
көрді.
Жазда су тызылдатып тұрып
шапшиды аспанға бұлардан. Су ең биікке шапшитыны
қайсысы болды екен? Екеуі
осы сұраққа
жауап іздеп, түтіктердің әрқайсысын бір ұстады.
-
Мынау, —
деді Қасым.
-
Жоқ, мынау, —
деді Қайрат.
-
Неге? Менікі ұзын, бұдан атқыған су алысқа барады.
-
Ал мынаның ұшындағы тесігі тар. Мен талай көргем, жіңішкесінен су биікке шапшитын.
-
Әй, соғасың
-
ау өтірікті.
-
Шын.
-
Жарайды, менікі —
осы ұзын, сенікі —
аңғары
қысқасы
болсын. Жазында көрерміз
,
кімдікінен су биік атқылайды екен.
-
Келістік, солай болсын.
Бұл мәселеге осымен нүкте қойылды. Екеуі енді арасынан түтіктер жыпырлап шығып тұрған
тегенедей
-
тегенедей сұр тастарды айналдыра бастады. Қай жақтан жеткізілді екен? Әу баста
-
ақ
осындай сандықша тастар
болды ма екен, жоқ, қиып, қисынын келтірді ме екен?
Достарыңызбен бөлісу: