қысып
қойды. Өнербек жымиды. Бұл екеуінщ бір
-
біріне деген ризашылық сезімін білдіргендері
сияқты болды.
Өнербек
енді қапырық автобус ішін бір шолып, артқы жақтағы бос орынға қарай томпаңдап
бара жатты.
Жолаушылардың
барлығы оған тесіле қарап қалған.
-
Әй, бала, жаңағы қағазға жазып алғанды өзің ойлап таптың ба?
-
Өзі
бір біз сияқты көп жол жүретіңдерге керек
-
ақ екен.
Отырғандар енді баланың мынаусының өте тиімді екенін, жай қол көтергенге көп шофердің
тоқтамай өте
шығатынын, содан әр кезде көрген қорлықтарын әңгімелеп, біраз дуылдасты.
Өнербек
өткен сенбіде жаңағы әкесі екеуі құйындатып түскен
бел астындағы қыстауларына
үйі
көшіп келіп қонғанын естіп, тез жетуге асыққан болатын.
Жету оңайға
түскен. Жамбылға
қарай жүргелі тұрған
алғашқы автобусқа міне сала, тартып отырған. Ал кері қайту өте қиын
болды. Әкесі жол жағасына әкеліп тастады да, иесіз
калған
малына алаңдап кетіп қалды.
Өнербек
жол жағасында ұзақ тұрды. Бір автобус өтеді, екі автобус өтеді. Қол
көтереді.
Тоқтамайды. Әбден зықысы
шықты. Күн ұясына батуға айналғанда барып, бір автобус тоқтады
-
ау, әйтеуір. Бұл
барар жерін айтқанда, шофер ағай
:
-
Қап, бекер тоқтаған
екенмін
-
ау! Біздікі алыс маршруттың автобусы. Меркінің
өз
автобусы
бар емес пе? Жақын
жерге адам алмаймыз. Мейлі енді, міне ғой. Меркіге бәрібір тоқтаймыз, —
деп қиналған болатын.
Өнербек
автобусқа мінерін мінгенімен, қатты қысылған. Шынында,
Меркінің Жамбылға
қатынайтын өз автобустары бар. Оны Өнербек жақсы біледі. Солардың өзі тоқтамай кетті емес пе
әнеукүні. Сонан соң Өнербек бүгін
сол автобустарға
салмақ артып, «Меркі» деп жазып алып
шығып еді. Сөйтсе, мұнысы табылған ақыл болған екен.
Автобус Меркінің
автостанциясына келіп
тұмсық тіреді. Жолаушылар жапатармағай
автобустан түсе бастады. Жұрттың артын ала Өнербек те есікке беттеген.
Сабыр ағай айнадан
бәрін көріп отыр, Өнербек есікке жете бергенде:
-
Балақан, сен тоқтай тұршы, —
деді.
Достарыңызбен бөлісу: