Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар



Pdf көрінісі
бет96/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#88182
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   134
Байланысты:
ZhambylKaldybaev .Tandamaly

 
 
 
-
155- 


Өнербек
кілт тоқтады.
-
Бері кел, балақан. Атың
кім? 
Өнербек
Сабыр ағайға жақын келді.

Өнербек


Жаңағыны өзің ойлап таптың ба? Соны айтшы.

Иө.

Жарайсың! Қалайша!

Автобус тоқтамайды. Енді қайтпекпін?

Сен немене, жиі күтесің бе автобусты?

Жоқ. Аптасына бір
-
ақ рет. Мен осында интернатта жатып оқимын. Сенбі күні ауылға 
барамын да, жексенбі күні қайтамын. Үлкен жолда автобустардың көбі тоқта
-
майды. Сонан соң 
осылай жасадым.

Жарайсың, бауырым! Сен енді көрінген автобусқа қол көтеріп әуре болма. Дәл бүгінгідей 
уақытта жаңағы жерге шығып тұрсаң болғаны, алып кетемін. Бұл жақтан да белгілі уақытта 
қозғаламыз. Өзің қай сыныпта, қай уақытта оқисың?

Үшіншіде. Түске дейін оқимыз.

О, онда өте жақсы. Автостанцияға дәл осы уақытта келіп тұр.

Жарайды.
Сабыр ағай мен Өнербек арасындағы достық осылай басталды.
Әр
сенбі, жексенбі
сайын 
Өнербек үйіне Сабыр ағайдың автобусымен келіп, кетіп жүрді. Өнербек енді бұл автобусты «80
-
08 ДЖД» деген нөмерін былай қойғанда, өзіне ыстық бір елеусіз белгілерінен
-
ақ сонадайдан 
танитын болды.
Сабыр ағай болса, жолыққан сайын Өнербектен денсаулығын, оқуын сұрап қояды.

Жақсы, —
дейді Өнербек.

«Үш» бар ма?

Жоқ.

«Төрт» ше?

Жоқ.

Сонда не?

«Бес».

Жарайсың, жігітім!
Саған тоқтамайтын автобус болмауы керек бұл жолдың бойында. 
Сабақты «беске» оқитын баладан асқан кім бар бұл дүниеде!
 
-156- 


Өстіп
жүргенде оңтүстікке көктем лебі келіп жетті. Қыстайғы сіресіп жатқан
күртік кар 
үстімен ауыр дымқыл мұнар жүгіре бастады.
Асфальт жол үсті бәрінен
бұрын еріп, көк балақ болып сойылып жатыр. Машиналар лай 
араласқан киіз қарды қақ бөліп тіліп, сарылдап
-
гүрілдеп өтеді.
Өнербек
үйреншікті жерінде автобус күтіп тұр. Белгілі уақыт болып, өзі күткен
автобус та 
көрінді. Өнербек автобустың
тоқтайтынына еш шүбә келтірмей, жол ернеуіне жақындады. 
Сарылдап келіп қалған автобус тоқтамақ түгіл, екпінін үдете түсіп, Өнербектің үсті
-
басын 
малмандай етіп өте шықты. Өзіне жақсы танымал көк бауыр автобус мұның көңілінен өте
бір 
ыстық, жақын нәрсені сабақтап суырып алып, ұзап бара жатты. Өнербек ызаға булығып, өксіп
-
өксіп кетті.
Бір апта бойы Өнербек көңілін Сабыр ағайға деген өкпе кернеумен жүрді. Жақсы ағайдың 
тез арада теріс қарап кеткеніне өкінетін де сияқты еді.
Сенбі күні Өнербек автостанцияға бір түрлі көңілсіз келді. Сабыр ағайдың автобусын 
көргенде, тіптен мазасы кетті. Өзіне ыстық
болып қалған Сабыр ағайдың жүзіне қалай қарамақ? 
Бәріне өзі кінәлі сияқты. Несімен кінәлі? Онысы беймәлім. Әйтеуір бір ыңғайсыздық бар. Бұдан 
былай тоқтамай
-
ақ қойсын. Онсыз да үлкен жолда машина аз емес кой. Ал, қазір, күн кешкірмей 
тұрып, осы автобуспен үйге дейін жетіп алу керек.
Өнербек
кассадан билет алды да, жерге қараған күйі келіп, артқы орындықтың терезе жақ 
түкпіріне бүрсиіп отырды. Қанша қарамайын дегенмен, көзі өзінен
-
өзі алғы жаққа бір, 
автостанция жаққа бір түсіп кете берді. Өстіп отырғанда автостансадан
билет тексеретін апай 
мен бір ұзын бойлы ағай шықты. Екеуі сөйлескен бойда келді де, билет тексеретін апай 
автобусқа енді, ұзын бойлы ағай барып рульге
отырды.

Билеттеріңізді дайындаңыздар.
Жаңа кайда қойғаны есінде жоқ,
Өнербек билетін орнынан атып тұрып іздеді. Билеті 
шалбарының оң қалтасында екен. Өнербек еңсесін
көтеріп тік отырды. Бүріскен тұлғасы, өкініш 
езген көңілі
көтеріліп кетті. «Бәсе, бұл машинаны басқа біреу айдайтын болған екен ғой».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет