Ояттым. Көзін ашып алды. Атып тұрды.
Ұйықтап қалғандығына
қысылды.
-
Ата, біз жинайық деп жатырмыз мынаны. Сау бол!
-
Түнде қалай жинайсыздар?
-
Жинаймыз. Күтіп тұратын уақыт жоқ. Сен үйіңе барып ұйықта. Сау бол!
-
Сіздер күн
-
түнді
білмейді екенсіздер.
-
Иә, солдат үнемі қозғалыс үстінде. Бәрі сендер үшін.
Бара ғой, айналайын.
-
Сіз тағы да келесіз
ғой. Тез келіңіз. Мен күтіп жүрем.
-
Жарайды. Күт. Мүмкін келермін.
Келе алмасам, өкпелеме. Біз —
солдатпыз.
Орнымнан қозғалдым. Шөлмек тұтқасын бұрадым, сартылдап түн тыныштығын бұзды. Иттер
абалап үрді. Мен ұзай бердім.
Ата ұйқылы көзімен мең
-
зең күйде
теңселе басып, үйіне
кетіп
барады. Мен жаққа қарап қояды.
«Ұйықтай ғой барып, тыныш ұйықта, қалқам! Біз бармыз ғой».
Мен түн құшағындағы құм жоталарына көтерілдім.
Достарыңызбен бөлісу: