-
Бақылау пункті. Ефрейтор Молдашев.
-
Не болды? «Глобус» естілмейді.
Индикатор тұтқасын бұрадым. «Астра» естіп
-
ақ тұр. Ал «Глобус»
міңгірлеп маған зорға
естіледі. Телефон құлағына
аға лейтенант Черкашин келді.
-
Ефрейтор
Молдашев, сол маңайды тексере бер. Комаңда жіберемін. Сым жерге тиген. Ізде.
Шай жайына қалды.
Орнымнан атып тұрып, автоматымды асына бастадым.
-
Қарағым
-
ау, ішсеңші шайыңды. Не болды? —
деп Атаның
анасы бұл оқыс қимылына
дегбірсізденіп, үрейленіп қалды.
-
Апа, уақыт жоқ. Рақмет. Тығыз жағдай болып қалды.
-
Әй, айналайындар
-
ай, —
деп шешей шыныдағы ішілмей қалған шайды төгіп, дастарқанды
жинап жатыр.
* * *
Кабельді жағалап, белге шықтым. Алдымда қойнауда қой жатыр.
Қой шетінде Ата маған
қарай
жүгіріп келеді. Екеуіміз қапталда ұшырастық.
-
Аға, ана жерде сым үзіліп жатыр, —
деді Ата ентігіп.
-
Қай
жерде?
-
Жүріңіз, тауып
беремін.
Келсем, сымның біреуі қой тұяғынан үзілгені рас екен. Ата жалғапты да, белгілі болсын деп
үстіне құм төмпешік үйіп қойыпты. Сымды жақсылап жалғап, изолентамен орадым. Сонан соң
Атаға:
-
Ата, сымның ашық қалған жерін жерге тигізсең, бұл сөйлемей қалады. Сен үстіне құм үйіп
сөйлетпей қойыпсың, —
дедім.
-
Мен белгілі болсын деп едім. Мен білген жоқпын.
Ата қатты қысылып қалды. Абыржып ыңғайсизданды.
Сол сәтте өзін аяп кеттім.
-
Білем, білем. Сен білмей істедің. Бәрінен де тауып бергеніңді айт.
Біз саңдалып іздейтін
едік. Ал,
сен оп
-
оңай тауып бердің.
Атаның жүзі жадырап сала берді.
Мына
жабыстыратыныңыздан маған да беріңізші. Тағы үзілсе, өзім
-
ақ жалғап, орап қояйын.
-
Берейін.
Бірақ сендер
қойларынды
бұл жерден бас
-
Достарыңызбен бөлісу: