қа
жаққа жайыңдар.
Қой аяғымен таптап, тағы үзіп кетуі мүмкін.
-
Жарайды.
-
Мен кеттім, Ата.
Ата бара қойға тиісті. Әкесі қойдың арғы шетінде жүрген.
-
Не болды? Тиме, тиме!
-
деп айқайлап еді, Ата қарайтын емес, дүрілдетіп қуып жүр.
Күн алаулап бел асты. Жыра
-
жыраға қара көлеңке үйіріле бастады.
Телефонымды тыңдап қоямын. Сөйлесіп жатыр.
Орнымнан тұрып, әрлі
-
берлі жүріп бой
жаздым.
Қой
кешкі өрістен келе жатыр. Бөрте серке жалт
-
жалт басып, қора шетіне жетіп қалды.
Қойдың
алды қаптап келіп, науадағы тұзға жабылды.
Соңы бытырап
жатыр, Ата иіре бастады.
Қойдың бір шеті менің үстіме келіп қалған, Ата жанымнан қой қайырып өте берді.
-
Ата, бағанағыдан кейін үзілген жер таптың ба? —
дедім сөзге тартқым келіп.
-
Жоқ. Біз ол жаққа қайтып барғанымыз жоқ. Қойды ол маңнан алыс жайдық.
-
Қойыңды
иіріп болған соң кел.
-
Жарайды.
Ата
көп кешікпей
-
ақ келді. Мен құрғақ паегымды жая бастадым. Консервіні
ашып,
нанды
турап —
бәрін панамамның (ыстық жақтарда жауынгерлер киетін бас киім) үстіне үйдім.
-
Ал, Ата, жейік.
-
Жоқ. Мен үйден тойып келдім
.
-
Дегенмен, әскер тамағынан алып қой.
Ата сараң алады.
Жаныңда адам бары жақсы екен, «ал
-
алдап» отырып көңілді тамақтаңдым.
-
Телефон тыңдатыңызшы, —
дейді.
Тыңдатамын,
тындап
-
тыңдап алып:
-
Не айтып жатыр? —
дейді.
-
Оны айтуға болмайды. Құпия. Бәрі сендер үшін, тыныштық үшін, —
деймін.
Ата ұзақ тыңдайды.
Қалай да ұққысы
келеді.
-
Бірдеңе
-
бірдеңе, ало, ало деп жатыр. Тыңдаңызшы, —
деді Ата кенет дегбірсізденіп.
Тыңдадым. «Астра» екен. «Глобуспен» байланыс үзіліпті, үн қатпайды.
Достарыңызбен бөлісу: