КӨК ҚОЗЫ Батальон маршта келе жатқан. Полк көлеміндегі екі күндік жаттығу аяқталып, әскери
қалашыққа қайтқан бетіміз. Батальон машиналары салқар колонна —
керуен құрып келеді.
Бізге колоннаның ортан белінен орын тиген. Біздікі ГАЗ
-
53 маркалы, алдыңғы, артқы
дөңгелегі бірдей тартатын қорапты машина.
Қораптың екі қапталы ашпалы астау. Екі астаудың іші
де қаз
-
қатар тізілген дала кабелінің шөлмегі. Қақпағы жабылған соң астаулар кәдімгі орындық
болады да қалады.
Міне, қазір біз, телефоншы алты жігіт, үш
-
үштен бөлініп алып, екі қапталдағы орындықтарда,
яғни астаушалар үстінде қаздай тізіліп отырмыз.
Бұралаң дала жолы артта қалып, машиналар айнадай асфальтқа түскен соң, екпін алып, заулай
жөнелді. Енді колонна үзілмес
-
басылмас
бір сыдырғы, өрі жайлы сарынға түсіп алып, асығыс
тартып келеді.