Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар



Pdf көрінісі
бет106/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#88182
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   134
Байланысты:
ZhambylKaldybaev .Tandamaly

 
 
-167- 


Екі тәулік бойы тыным көрмей, жел
-
құйын болып телефон желісін тартқан біз бұйығып, бір
-
бірімізге тығыла түсіп, құс ұйқы болып отырмыз. Мызғып кетіппін.

Ерген, қара, қозы! Ерген, қозы

Бойымды әзер жинап алдым. Қайда қарарымды білмей, жан
-
жағыма алақтай бердім.

Әне, әрі қара!
Ефрейтор Селедков
сұқ
саусағымен менің ту сыртымды нұсқады.
Жалт қарадым. Асфальттың терістік жағы қара жол болатын. Бір көк қозы соған түсіп алып 
заулап барады. Бірінен соң бірі тұсынан зарлап келіп, зулап өтіп жатқан машиналар қозыны ес
-
түсінен мүлде айырған.
Ол енді колонна өткенше бұл екпіннен шыға алмайды. Колонна өтіп кеткен соң да, біразға 
дейін жүгіргені жүгірген. Сонан соң ештеңені көрмей,
не маңырай алмай, екі өкпесін соғып әл
-
дәрменсіз тұрар. Отар қайда, енесі қайда? Оның бірін де бұл қозы енді қайтып таба алмайды. 
Зеңгіп қалады ғой, бейшара. Қойшы іздер. Бірақ табар ма екен? Әй, кім білсін, алыстап кететін 
болды ғой.

Адасатын болды
-
ау, қап!
Өстіп өкініш білдіргеннен басқа бізде еш амал жоқ, бел асып кеттік. Қозы қала берді.
Машина кілт тоқтады. Бір өре түрегелдік.

Не боп қалды?

Қирады, сірә. 
Кабинадан Дементьев шықты.

Жетер ұйықтағандарың, бой сертігіңдер былай...

Не болды?

Не болсын? Бір жарты сағатсыз қозғалмайтын болды. 
Дементьев дереу капотты аша салып, іске кірісіп кетті.
Машина бұзылған екен,
яки тоқтаған 
екен деп тапырлайтын ауыл емес, бұл —
әскер. Қозғалыс кезінде артық
-
ауыс қимылға жол жоқ, 
орын
-
орнымызда отырмыз. Екі көзіміз
белде. Көк қозы күттірмеді, қылтың етіп шыға келді.

Әне, көрінді!

Мынау шынымен қозы ма, жоқ, шайтан
ба? 
Дементьев басын мотордан жұлып алды.

Жігіттер, шуламаңдар, ұстаңдар қозыны.
Мен әй
-
шайға қарамай жерге қарғып түсіп, жаға жолға
жүгіріп
шықтым. Көк қозы салып ұрып 
кеп қалды.
-168- 


Екі көзі тұнып, екі құлағы бітіп қалса керек, өзі келіп құшағыма қойып кетті. Кішкентай жүрегі 
кеудесін жарып кетердей тарс
-
тарс соғады. Бақайына дейін қара терге түскен. Көкпеңбек көк 
бұйра жүніне жабысқан шаң терге шыланып жылт
-
жылт етеді.
Мен қозыны көтеріп жігіттерге беттегенде, колонна ұзай бастаған. Дементьев капотты жауып 
жатыр екен. Маған айқайлады:

Ерген, жүгір! Тез отыр машинаға.
Мен жүгіріп кеп, қозыны жігіттерге ұсына бердім. Селедков қақшып алды.
Машина гүр ете түсті. Солдатқа бұйым болған ба, аяғым дөңгелекке тиер
-
тиместен, қозғала 
берген машинаға ытқып шықтым. Машина кері бұрылды.

Құрттты мына Дементьев!

Ол емес, көк қозы құртады бізді.

Ештеңе етпейді.
Ә, дегенше заулай жөнелдік. Сол сәт жаңағы көк қозы ұшып жеткен қара жолда ақбоз атпен 
шауып келе жатқан шопанды көрдік.

Анда қараңдар!

Қайдан
білді екен, ей?
Мен көк қозыны алдыңғы аяғынан аспандата көтеріп қойшыға көрсеттім. Қойшы ат басын 
тартты.
Дементьев тежегішті басты. Ол машинасын кері бұрғанда, қойшы
асфальт жағасында тұрған. 
Ақбоз ат жуас жануар екен, үрікпеді. Шопан тебініп кеп, машинаға қатарласа берді. Мен еңкейіп 
көк қозыны қойшыға ұстата салдым.

Рақмет. Көп рақмет, солдат қарақтарым!

Сау болыңыз, ақсақал.
Дементьев газды аямай басты. Машина тез
-
ақ екпін алды. Шопан желе шоқырақтатып бара 
жатты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет