жеріне келсек, қап
-
қара боп тұнып тұр. Жанымда өзіммен бір оқитын Рақтай деген жолдасым бар.
Екеуіміз:
-
Ойпыр
-
ай, қалыңын
-
ай!
-
Піскен
-
ақ екен, тегі
,
—
деп танданысып,
аттан асығып
-
үсігіп құлап түсіп жаттық.
Сол екі арада қалың бүлдіргеннің арғы шетінен бір елік атып шықты.
-
Елік, елік! —
деп
айқай салдық. Сөйтіп мәз болып тұр едік: іле
-
шала дәл әлгі жерден еліктің
лағы көрінді. Сәл қашып барып, көп
ұзамай
-
ақ, қалың шөптің арасына қойып кетті. Шөптің
басы
біраз жер қимылдап барып тына калды. Екеуіміз бір сәт анқиып тұрып қалдық та, аттарды тастай
салып, жүгіріп
сол жерге жеттік. Рақтай еліктің лағын алғашқы кірген жерден іздей бастады. Мен
жүгіріп, шөп
қимылының тоқтаған жеріне келсем,
еліктің лағы жермен
-
жексен болып, құлағын
жымқырып, бүк
түсіп жатыр. Бас салып ұстап алдым. Еліктің лағы бір түрлі
аянышты дауыс
шығарды.
Рақтайға қарап едім, өзі таба алмай калғанына өкінгендей боп тұр. Соны білдім де,
елікті соған
ұстата салдым.
-
Мә, сен ұста, екеуіміз бірігіп асыраймыз.
Рақтай менің қолымнан ала бергенде, еліктің лағы аянышты өксіп
-
өксіп жіберді. Осы
дауысты
естіді білем, алдағы тұмсықтан елік ешкі шыға келді.
Бізге қарай жасқанбай
салып ұрып келеді.
Енді не болар екен деп тұрып қалдық. «Айтақ
-
айтақ» деп жоқ итті көмекке шақырып,
өтірік
күшейдік. Елік сескеніп,
состиып тұрып қалды, қайтып қашпады. Қайта бірте
-
бірте
жақындай
берді. Еліктің лағы шешесін көмекке шақырып, дауыс шығаруын қоймады. Біз қанша айқайласақ
та, елік сескенер емес. Баласымен бірге өлмек түрі бар. Біресе баламды жіберсеңдерші деп жалына
сұрағандай, бір орында тыпыршиды. Бір рет тіптен жақын келді. Мөлдіреген
танадай қара
көздерінен жас
тамшыларын көріп қалғандай болдым.
-
Бейшара, жылап тұр екен, —
деді Рақтай жұлып алғандай.
Ол да байқап қалған екен.
-
Қой, онда лағын жіберейік.
-
Жіберсек, жіберейік.
Достарыңызбен бөлісу: