істемек?» деп ойладым.
Маған әйтеуір бұл бір қызық болып көрінді.
Соңғы сабақ бітіп,
балалар тарап кетті. Байнаш сыныпта қалды. Менің кеткім келмей, сабақ
кестесін қарағансып, залда тұрып алдым.
Әне, кабинетінен Жалғас ағай шықты. Сабақ кестесіне үңіле түстім. Біздің сыныпқа кіргені
сол еді, ізінше Байнашты ертіп далаға беттеді. Байнаш қолын сермей бастады. Мен де алыстан
ілестім. Спорт алаңына
бара жатыр. Дәл ортасына барғанда Жалғас ағай:
-
Есназаров, сумкаңды анда қой да бері кел. Енді екеуіміз нағыз солдат жүрісін үйренейік.
Бағанағың келіңкіремейді екен, —
деді.
Байнаш жымың етті. Қуанып тұр. Байнаш тұрмақ мен де күліп жібердім, шарбаққа
жабыса
түстім.
Ағай бұйрық беріп, Байнашты жүргізе бастады. Даусы сұсты шығады. Түрлі қимыл кезінде
денені қалай ұстау керектігін де үйретіп жүр. Байнашымыз түк білмейді екен. Демнің арасында
шаршап қалды. Әй, Байнаш —
солдат
-
ай! Құрысын сенің бүйтіп солдат болғаның. Жалғас ағай
сонда да қоймады. Байнаш аяқ көтеруден қалды. Ақыры, тоқтатып алды да:
-
Есназаров, солдат —
қастерлі атау. Сен оны күлкіге
айнадырады екенсің. Біз сияқты қарт
солдаттар өзін ешкімге
қылжақ
еткізген емес. Солдат болу —
ең қиын оқу. Оған сен жассың. Сен
әуелі мектептегі оқуыңды меңгеруің керек. Бар, сабағыңа дайындал, —
деді ағай ызғарлы түрде.
Тыңдап тұрған мен де сескеніп қалдым. Байнаш спорт алаңынан ілбіп әзер шықты. Ешкімді
елейтін емес. Жай басып, ұзап барады.
Содан бері
Байнаш тақтаға шақырғанда, қол сермеп қаздаңдап басуын қойды. Қайта сабаққа
тілі шығып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: