-
Айт. Айта бер. Шешең кеше не деді? Есепті біреуге шығартуға болмайды деді. Солай.
Менің де айтып отырғаным
—
сол. Есепті әркімнің өзі шығаруы керек.
-
Мен өзім шығарам.
-
Шығар.
-
Несі бар, шығарам.
-
Онда сөз басқа.
Бақтыгүл ойланып қалды. «Рас
-
ау осы, Қартабайдың айтып тұрғаны».
АҒАЙДЫҢ АУЫРМАҒАНЫ ЖАҚСЫ
Жамбыл—Меркі аралығына қатынайтын автобус «Жаңа тұрмыс»
ұжымшарынан әжептеуір
жер ұзап шыққанда бүйірдегі жалғыз аяқ жолмен бала мінгестірген біреу құйындатып келіп, ат
басын
жол жағасына жете бере бір
-
ақ тартты. Бала аттан қарғып түсіп, қойнындағы құлаштай
қағазды
суырып алып, жаза қойды. «Меркі» деп жазылыпты онда.
Автобус екпіндетіп келіп қалды. Автобус жүргізушісі —
Сабыр
ағай бала қолыңдағы мына
жазуды көрген бойда мырс етіп күлді. Сабыр ағай —
автобус руліне отырғанына он жылдың жүзі
болған, жол сырына әбден қанық адам. Уақытының көбін осы жол бойында өткізіп келе жатқан
ағайдың мұндайды
тұңғыш
рет көруі еді. Соңда да түсіне қойды.
Әрбір
жаңалықты өмірдің өзі туғызады. Көрінген машинаға қол көтере
-
көтере, ығыр болған
соң, таба қойған ақылы бұл баланың.
Сабыр ағай балаға іштей сүйсінді де машинасын тоқтатты. Бала
автобусқа өте тез ырғып
мінді. Күзгі суық қарыған ба, әлде зулап бара жатқан автобусты тоқтатқанша қысылғаны ма, бала
нарттай болып қызарып кетіпті.
Автобус орнынан қозғалды. Бала өзін
елеп тоқтаған мейірімді
ағай кім болды
екен дегендей шофер жаққа қарады. Сабыр ағай да тапқыр баланы анықтап көріп
алмақ болып, мандайшадағы айнаға үңіліп отырған. Екеуінің көзі айнада түйісті.
Сабыр ағай
«жарайсың» дегендей көзін
Достарыңызбен бөлісу: