Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар



Pdf көрінісі
бет91/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#88182
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   134
Байланысты:
ZhambylKaldybaev .Tandamaly

 
 
 
-149- 


йып тұр. «Қисық болса да солмаса екен» деп ойлады Болат.

Болат, сен күнде бұған
бір мезгіл су құйып тұр. Сонда тез жетіліп кетеді.
Бұл жайды Нағима апай да, Болат та Әлменге айтқан жоқ. Әлмен өзінше мәз болып жүре берді. 
Қарағаш болса, бір
-
ақ аптаның ішінде қайтадан құлпырып, оз достарымен бірге желге тербеліп 
тұрды.
Сенбі күні соңғы сабақтан кейін Нағима апай балаларды осы жайқалған шыбықтардың 
жанына
ертіп келді. Оқушыларды сапқа тұрғызды да, шыбықтарды санап шықты. Сонан соң 
балаларға:

Кісі басы бір
-
бірден
келеді екен. Енді бәріңе жеке
-
жеке бөліп беремін. Сонан соң сол 
шыбықтарды өзді
-
өздерің қамқорлыққа аласыңдар, —
деді.
Мына жаңалыққа балалар:

Жарайды!

О, әбден қызық болды! —
десіп мәз болып қалды. Бөлісте Әлмен сындырған қисық шыбық 
Ерікке тиді. Ол:

Мынау сынық, қисық екен, алмаймын, —
деп қиғылық салды.

Мейлі, Ерік басқасын алсын. Кәне, балалар, қайсыларың аласыңдар. Еңбек сүйгіш бала 
күтсе, бұл әлі
-
ақ әдемі, түзу ағаш болып кетеді.

Мен аламын.
Болат өз құлағына өзі сенбей қалды. Жалт қарады, шынында, Әлмен қол көтеріп
тұр.

Ала ғой, Әлмен.
Нағима апай Әлменге
аса разы сезіммен елжірей қарады. Әлмен жүзінде әрі ұялғандық, әрі 
мазасызданғандық бар еді.
Ертеңіне Әлмен мектепке жеткенше асықты. Кеше ұялып, жөндеп қарай алмаған. «Сынып 
қалған ағаш қалайша қайта тұрып кетті?» Осы ой түнімен Әлменге маза бермеді. Бүгін елден 
бұрын келіп, жақсылап тұрып көрмек.
Әлмен
келсе, ешкім жоқ
екен. Қарағашты шұқшиып
қарай бастады. Қаз қалпы. Өзі түзетпек 
болған қисық жері де бұрынғыша. Бар өзгеріс —
сынған жер орамалмен таңылған. «Мұны кім 
таңды екен, ә? Кім де болса, ол бір жақсы адам
-
ау. Болат болмасын?!»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет