Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар



Pdf көрінісі
бет82/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#88182
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   134
Байланысты:
ZhambylKaldybaev .Tandamaly

 
 
СУРЕТ САБАҒЫ
 
 
Сурет сабағы жаңа басталған. Мұғаліміміз Ерен апай:

Балалар, білесіңдер
ме, 8 наурыз жақын қалды. Ол —Халықаралық әйелдер күні. Бүгінгі 
сабақта бәрің аналарыңа лайықты сыйлық болатындай бір
-
бір сурет салыңдар, 

деді.
Бүкіл сынып болып:

О, жақсы болды!
 
-137- 



Қызық
-
ай! 

деп шу ете түстік.

Мен раушан гүлін саламын, —
деді менің парталасым Темір.
-
Мен апамның суретін саламын, 

деді аддыңғы партада отыратын Қанат.

Мен де, —
деді оның парталасы Зәуре.
Мен де апамның суретін салуға бекіндім. Бәріміз тапсырманы орындауға құлшына кірісіп 
кеттік. Қайдағы бір шар, шаршы, пирамида дегендерді қайта
-
қайта сызғылағаннан
гөрі, өз 
шешеңнің суретін салған әлдеқайда оңай емес пе. Менің көз алдыма өзіме ең жақын ыстық, аяулы 
анам келе қалды. «Қызым, жақсылап сал мені. Мен бұл сыйыңды қуана қабыл аламын», —
деп ақ 
қағаз үстінде күлімдеп тұрды ол.
Қарындашымды
берік ұстап, қағазға төне түстім. Алайда қарындашым қағаз бетіне жақындай 
бере, қолым дірілдеп кетті. Кілт тоқтадым. Жаңағы күлімдеп тұрған анам көзден ғайып болып, 
алдымда аппақ қағаз жатты. Өсіп отырған көңілім лезде пәс тартып бара жатты. Ары отырдым
бері отырдым. Қолым баратын емес. Мен анамның суретін сала алмайтынымды сездім.
Қанат
пен Зәуреге қарап қоямын. Екеуі дәптеріне төне түсіп, дамыл таппай жұмыс істеп отыр. 
Солардан кем болғаным ба? Мен де енді әйшайға қарамай іске кірісіп кеттім. Сөйтіп, бас көтермей 
отырып, бір нәрсе салып шықтым
-
ау, әйтеуір. Бір нәрсе дегенім —
бұл менің шешемнен гөрі, 
осыдан бес
-
алты жыл бұрын ойнаған, ал қазір жетімсіреп сарайымыздың бір бұрышында жататын 
қуыршаққа көбірек ұқсас
болып шықты.
Әйткенмен
мен өз
еңбегімнен шешеме ұқсас белгілер іздеп, көп үңілдім. Үңілген сайын мен 
одан жаным шошып, түңіле бердім. Құрысын бұл қуыршақ! Мен енді оған қарағым келмей, 
дәптерімді жауып қойдым
.
Тақтаға, терезеге, есікке, қабырғаға қарадым, барлық жерде анамның үйдегі үлкейтілген үлкен 
суреті: «Қап, мені сала алмағаның қиын болды
-
ау!» деп өкініш айтып тұрды.
«Сен дүниедегі суреттің бәрінен жақсысың, апа. Сондықтан сала алмай отырмын сені. Әйтпесе 
мен суретті ешкімнен кем салмаймын». Осы ой кішкене еңсемді көтергендей болды.
 
-138-


Бағанадан бері шұқшиып бірдеңе жазып отырған апай жәутендеп отырған мені көріп қалды.

Дәулетбекова, немене, салып болдың ба? 
Мен төмен қарадым.

Апай, біз болдық.
Енді байқадым, балалардың көбісі тапсырманы орындап болғанға ұқсайды. Ерен апай 
әдеттегідей бірінші партадан бастап, дәптерлерді жинап жүр.

Жарайсың, Қанат!

Зәуре, сен де жақсы салыпсың. 
«Пәлелерін
-
ай, мыналардың!» Апай біздің партаға жақындаған сайын мазам кете берді. 
Дәптерімді ашып қарап едім, көзім бұлдырап кетті. Мен ешқандай мақтау ала алмайтынымды 
сездім. Дәптерімді қайтадан
жауып қойдым.
Міне, апай біздің
партаның тұсына келді. Темір дәптерін берді.

Темір, сенің мына гүлің апаңа
сыйлық боларлықтай екен.

Бағила, сен жаңа апаңның суретін салмақ болып едің, немене, салмағансың ба?

Жоқ.

Кәне, дәптерің?
Мен дәптерімді апайға қарай ақырын ысырып қойдым. Апай дәптерімді қолына алды да:

Салыпсың ғой. Жақсы салыпсың. Неге алдадың мені? —
деді.

Жо
-
о
-
оқ. Менің апам бұдан жақсы. Бұл жа
-
а...
Мен сөзімді
аяқтай алмай, өксіп кеттім. Көзіме жас
үйірілді. Апай қапелімде сасып:

Қоя
ғой, Бағила, қоя ғой. Сенің апаң 

жақсы адам. Мынау өзің жасыңда ойнаған қуыршақ 
қой. Соны жақсы салыпсың


деп бәйек болып қалды.

Менің апам бұған ұқсамайды.

Мен оны жаңа айттым ғой, Бағила. Сенің апаң —
алтын адам.
Апай шындықты айтып тұр. Мен өксіп барып басылдым. Сол сәт біреу солқ ете түсті. Қанат 
екен. Менің көңілім шайдай ашылып, Қанатқа күле қарадым.

Менің апам да мына суреттен жақсы, —
деді ол көз жасына булығып.
Зәуре еңіреп жылап жіберді.
 
-139- 



Менің апам Бағиланікінен де, Қанаттікінен де жақсы.
Пәлесін
-
ай мұның! Жаңа ғана апай мақтағанда мәз
болып еді, енді демнің арасында айтып 
отырғанын қара. Біреудің шешесінде несі бар екен?
Зәуреге осысын айтпақ болып оқталып едім, 
менен бұрын жауап берді:

Өзіңнің
апаң жаман.
Ерен апай енді ашуланып қалды.

Қойыңдар, балалар. Бәріңнің де апаларың жақсы. Бұл салғандарың сендердің апаларың емес, 
қуыршақтарың болсын. Оның өзі де апаларыңа үлкен сыйлық болады. Апаларыңа сеңдер 
ойнаған қуыршақтың өзі ыстық. Қуыршақты
жақсы да, жаман да етіп салуға болады, ал, 
анасының суретін ешкім жаман етіп салмайды. Кәне, бәрің дәптерлеріңді жинап маған беріңдер, 
көріп
шығамын,

деп үстелінің жанына барып тұрды.
Үшеуіміз
де енді жым болдық. Өйтпегенде ше? Біз апаларымызға сыйлық етіп 
қуыршақтарымызды салдық қой. Ал оларымыз онша жаман сыйлық бола қоймас.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет