Сценарий
1-жүргізуші: Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
Мерейің құтты болсын, тәуелсіздік,
Ғасырдың тойы болшы келе берер!
Гимн
1-жүргізуші: Ассалаумағалейкум жиналған көпшілік қауым! Еліміздің тәуелсіздік күні баршаңызға құтты болсын! Бабалардың арманы, аналардың тілегі болған бақыт-тәуелсіздік жиырмасыншы ғасырдың аяқталар тұсында біздің маңдайымызға дарып, алақанымызға қонды.
2-жүргізуші: Армысыздар! Азаттық деген осынау қасиетті ұғымды жақындату үшін талай ерлердің жаны қиылды! Мемлекеттік тәуелсіздік – ұлттық қауіпсіздіктің және қазақстандықтардың рухани әл-ауқатының, өз күшіне, еркіне, қуатына сеніп, бар мақсаттарын жүзеге асыруының, Қазақстандағы ұлттық келісім мен тыныштықтың кепілі. Мемлекетіміздің өсіп-өніп, шыңға жетіп өркендеуі – біздің жетістігіміз,
1-жүргізуші: Ардақты ағайын, құрметті достар! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты кешті ашық деп жариялаймыз!
2-жүргізуші: Алдарыңызда химия мамандығының 1-курс магистранты Күнқожаева Гүлжазираның «Тәуелсіздік күніне» арналған өлеңі.
2-жүргізуші: Дала, тыңда, әнімді, қала, тыңда!
Тыңдамаған арманда қалатын да.
Шырқап келем, шарықтап ұшып келем,
Махаббаттың, бақыттың қанатында. Дей келе ортаға химия мамандығының 1 курс магистранты Сейлова Ақеркенің орындауында «Қазақ елі» ән.
1-жүргізуші: Дүр сілкінді желтоқсанда қоңыр аймақ,
Өйтпесе тілім қайтіп қанат жаймақ?
Ұран жазып ,қып-қызыл ту көтеріп,
Жастар шықты алаңға «Елімайлап».
2-жүргізуші: Алаңға шығып, ойын айтты жастарым,
Қиындық пен қатерге тігіп бастарын.
Содан барып, тоңы еріді кеңестің,
Содан кейін еркіндікті бастадым.
Келесі көретіндеріңіз Желтоқсан оқиғасына арналған «Желтоқсан желі ызғарлы» атты еске алу клипі.
2-жүргізуші: Қабыл алыңыздар ортада Мұсабекова Балғынның орындауында «Қанеки тілім сөйлеші» әнімен.
1-жүргізуші:16 желтоқсан күні қазақ жастары Республика алаңына бейбіт шеруге шықты. Үкімет жастарға қарсы күш колданды. Қаншама өмір қыршынынан қиылды, қанша ана аңырап баласын жоқтады! Оларды кейіннен ақтағанмен, бәрібір жүректе сыз қалды. Ел намысы жолында құрбан болған аға-апаларымыздың аруағына бас иеміз! Біздің жас тәуелсіз мемлекетімізді олардың рухы қолдасын.
2-жүргізуші: Сол Желтоқсан оқиғасында құрбан болған аға апаларымызды еске алу үшін 1 минут үнсіздік жариялаймыз.
1-жүргізуші: Қарсы алыңыздар ортада өзінің ыстық лебізімен Исакова Айнұр.
1-жүргізуші: Асқақтат, аза емес азат күйді,
Азаттықты алты алаш қазақ сүйді.
Бар әлемге жар салған қаршадай қыз
Деп «Азаттық» жолында жанын қиды.
1-жүргізуші: Көрініс «Ләззат Асанованы анасының жоқтауы»
2-жүргізуші: Жастық жалын әлі мазда, алаулар,
Боздақтарды еске алғанда жасқа толар жанарлар.
Бостандық жолындға құрбандықтың сапында,
Аталмаған аты талай Ләззат бар.
1-жүргізуші: Би болады әрқашан да қыз бар да,
Жылуынан жібіп тіпті мұздарда.
Мың бұралып билегенде басқа кім?
Жетер біздің әсем сұлу қыздарға – дей келе ортада қазақ биі.
2-жүргізуші: Мен қазақпын, бір биік белеспін мен,
Европа да, Азия да емеспін мен
Аралықпын жетінші материктей,
Бірақ барша адаммен тел өстім мен.
1-жүргізуші: Міне, тәуелсіздігімізге 22 жыл! Осы жылдар аралығында Қазақстан әлем таң қалатын дәрежеде өзгерді. Сол бір 1991жыл мен 2013 жылдың аралығында Тәуелсіз Қазақстанның басып өткен белестеріне шолу жасайық.
Видеоролик Тәуелсіздік
2-жүргізуші: Домбыра тастамаймын,қайда барсам
Жараспаймын жаныма байланбасам.
Самалдай сыңғырлатып күй шерткенде ,
Сүйсініп естігендер қайран қалсын.
1-жүргізуші: Осынау айтулы мерекеде өзінің жүрекжарды лебізін білдіру үшін ортаға Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің Рһ және магистратура институтының профессор-оқытушыларына сөз беріледі.
2-жүргізуші: Әсем ән тербеледі, теңселеді,
Талай қыр, талай сырды еңсереді.
Сермейді, сұңқылдайды сыңғырлайды,
Ез емес, еңселі ері, ел сенеді.
Ән: Көк тудың желбірегені.
2-жүргізуші: Құрметті көрермен, қадірлі қонақтар мен ұстаздар! Осымен біздің кешіміз аяқталды. Отанымыз тыныштықта, еліміз бейбітшілікте болып, күн сәулесі бақыт нұрын шашсын.
1-жүргізуші: Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |