-
Қалайша
?
Жығылып қалғанына әжептеуір қапа болып тұрған Жайықты Аралдың мына сөзі бір көтеріп
тастады. Тіптен Арал үшін қуана жауап берді:
-
Аға, бұл мен не жазсам, дәптеріне соны жазады. Оқи да алады.
-
Қызық
екен! Қане, екеуің де қағаз, қарындаш алыңдаршы. Көрейін, жазғаңдарыңды.
Арал
мен Жайық қағаз, қарыңдаштарын алып, дөңгелек үстелге өзді
-
өзі орындарына жайғасты.
-
Ал енді «А», «Ә», «Б», «В» деп жазыңдар.
Арал мен Жайық дәптерлеріне төне отырып,
ағаларының айтқандарын жазып шықты. Жақсылық алдымен Жайықтың жазғанын қолына
алды. Жайық жап
-
жақсы орындапты.
-
Жарайсың, Жайық!
Кезек Аралдың жазғанын тексеруге келді. Арал да біршама тәуір жазыпты. Бірақ «В»
-
ны
теріс жазып қойыпты.
Жарайсың, Арал! Бірақ «В»
-
ны теріс жазыпсың.
-
Бұл сөйтеді. Әнеукүні біздің ағай да айтқан.
Мұның болыңқырамайды екен, Арал.
Бүйткенше, бізбен бірге қалаға жүр.
Ертелі
-
кеш
Азаматпен ойнап отырасың. Қолым босағаңда
өзім саған оқу үйретемін. Жайықтан кем білмейтін боласың. Барасың ба?
-
Барамын.Оқуға алынбай қалғанына Жайықтан сәл төмендеңкіреп жүрген Арал осылайша
әп
-
сәтте өсіп шыға келді.
* * *
Ертеңіне Аралддың ағасы мен жеңгесі
жолға дайыңдалды. Олар Аралды шынымен ала кетпек
болды. Арал ет қызуымен «барамын» деуін дегенмен, кейін жүрексініп қалған. Қаланы
көру де
оған бір керемет қызық сияқты. Бірақ Аралдың келісімін ешкім еңді қайтып сұрап жатпады.
Ағасы мен жеңгесі Аралға жеңілдеу сөмкені ұстатып, автобуспен Шуға, одан пойызбен
Жамбылға тартып отырды.
Пойыз дегенің бір рақат болады екен ғой. Сиырлы ауыл пойыз жолға жақыңдау Бейсебайға
көшіп келгенде, Арал пойыздың сарт
-
сүрт етіп әрлі
-
бері өтіп жататынын көретін.
Достарыңызбен бөлісу: