Мен әпендіні кереметтей аяп кеттім. Неге екенін, сол сәтте тағы да Ақтоған, ұжымшардың
қауыны, Есдәулет шал елестеп еді көз алдыма, сол бойы сурет болып қатты да қалды.
* * *
Наурыз айының бас кезі. Демалыс күні еді. Әдеттегідей ауыл балалары Қараойдағы мұзға
келдік те, екі топқа бөлініп, салма таяқ ойнай бастадық.
Салма таяқ —
хоккейдің шыққан тегі. Бірақ хоккейден артықшылығы да бар. Әр адамға бар
болғаны бір
-
бір қайқы таяқ,
сонан соң ағаш доп немесе сиырдың асығы керек. Төменгі көпір —
орта көше балаларының мәресі, ал біздің Көкарық көше балаларынікі —
Бірлік стансасының шеті.
Міне, осы екі аралықта ағаш допты әрі
-
бері ала қашып, күн ұзаққа салғыласамыз да жатамыз.
Аттылы
-
жаяулы дегендей, конькиі барымыз конькимен, конькиі жоғымыз жай
-
ақ кірісе
береміз.
Сәскеге дейін екі жақ та мәреге бір
-
бір жетіп, есеп бір де бір болған. Үзіліс жасап, демалдық.
Бәріміз кімнің қалай ойнағаны жөніндегі әңгімеге берілдік.
Кенет оңтүстіктен бір жылы леп есті. Өзі толқын
-
толқын сағым құсап қар бетін жалап өтіп
жатыр.
-
Көктем иісі шығады, —
деді Төкен.
-
Рас, ей!
-
Қандай
?
-
Әй, қойшы. Сонша иісшіл болғансып.
-
Мына жылы леп
-
алтынкүрек. Енді қар түк қалмай ериді.
-
Ой, білгішім
-
ай! Соқ
өтірікті.
-
Көр де тұр.
Балалар өстіп дәудірлесіп қалды. Менің мұрным түк иіс білмейді. Көктем иісі бар ма, жоқ па,
әйтеуір, қар демнің арасында еріп,
арса
-
арса көк балақ болып сойылып, салма таяқ ойнай
алмадық.
Сонан соң қармен атқыластық. Бұл да бір қызық ойын. Үсті
-
басымыз су болып, кешке бір
-
ақ
тарадық.
Сол түні денем от боп жанып, қызып шықты да, төсек тартып жатып қалдым. Келер күні түс
әлетінде
барып басым ауырғанын қоя бастады.
Достарыңызбен бөлісу: