Бауыржан маған тағы жақындады, тағы көтердім. Алтынды
да көтерейін деп оқталып едім, ол:
-
Рахиманы көтер, —
деді.
Ал Рахима жолар емес. Мен қашқақтағанына болмай, ақырындап басымнан асырмай бірнеше
рет көтердім де, жерге қойдым. Бауыржан мен Алтын:
-
Жоғайы көтей.
-
Біз құсап аспандат, —
деп қолқалайды.
Рахима менен бір мейірім тілеп, шарасыз кейіппен қарады. Құшақтап, екі бетінен алма
-
кезек
сүйдім. Ол шат үнмен сықылықтап күлді.
Сөйтіп тұрғанда, кенеттен Алтын Рахиманың мұрнын баса қойды. Қызықты қараңдар.
Рахима дем ала алмай тұншығып барады. Алтын жібере салды да, сықылықтап күлді. Бәріміз де
күлдік, Рахиманың өзі де күлді. Мен де Рахиманың мұрнын баса қойып едім, тағы тұншықты.
Сөйтсек, Рахима аузымен дем алғанды білмейді екен.
Алтын өзінің Рахима бойынан тапқан бұл жаңалығына әбден мәз болып, оны қайта
-
қайта
тұншықтыра берді. Рахима басын олай
-
бұлай алып қашып мезі болды. Алтын қояр болмады.
-
Қой, енді! —
деп Алтынға зекіп едім, Рахима маған тығылды.
Басын қолтығымның астына
жасырды. Мұрны пыс
-
пыс етеді. Алтынды жолатпадым.
Менің берік қорған екенімді білген соң Рахиманың ойыны келді. Ақырын басын шығарып
алады да, сақ
-
сақ күліп, Алтынды мазақ етеді. Алтын қимылдай берсе болды, дереу бауырыма
қайта кіріп кетеді. Мен араша боламын.
Осылай Рахима бізге біржола сіңісіп кетті. Әуелі ажырамайтынды шығарды. Жанымыздан екі
елі ұзамайды.
Тақтай еденнің дүрсілінен де, біз әдейілеп төгетін судан да қорқуды қойды.
Ол тіптен жұмысына ерте кетіп, кеш келетін әкемді де жатырқауын ұмытқан. Қайта, кешке
қарай, малдас құрып отырған әкеміздің алдына шығып алып, бізге қоразданады.
Әкем
мұндайда
Рахиманы құшақтап отырып, ыңылдап ән айтады. Ол Алтынды да,
Бауыржанды да осылай әнмен тербеп отырған. Енді сол кезек Рахимаға келіпті.
Әкемнің
айтатын әндері
маған әбден жатталып қалған. Мен әкеме іштей қосылып отырамын.
Достарыңызбен бөлісу: