ДҮНИЕДЕ МАРАТ АУЫРА КӨРМЕСІН
!
Сәуір айының аяқ кезінде Қаракемер балаларына жаппай тұмау тиіп, ауыра бастады.
Кешке жақын апасы:
-23-
-
Құдай, өзі сақтасын. Балалар ауыра бастапты, —
деп қауіп
қылып отыр еді, ертеңіне
Мараттың көзі жасаурап, жөнді тамақ іше алмады.
Жібек апай Мараттың маңдайын алақанымен басып көрді де:
-
Балам
-
ай, ауырып
қалыпсың ғой. Енді қозғалма, —деп, Маратты қалың бүркеп, төсекке
жатқызып қойды.
Дүниеде Марат ауыра көрмесін! Апасы титтей шаруа ретімен жанынан ұзай берсе
-
ақ:
-
Апа
-
а, апа
-
а
-
ау, —
деп бақырып жылайды.
Сонда апасы келгенде бірдеңе айтсашы, құр
жанымнан шықпаса дейді.
-
Марат, Маратжан, қарағым, шырағым. Не дейсің, айналайын? Өзің жата қойшы біраз. Шаруа
істейін.
Апасының шыбын жаны қалмай Мараттың асты
-
үстіне түсіп жатыр. Марат мүлги түсіп,
шошып оянады.
Жатпаймын, жаман.
-
Не жаман, айналайын?
-
Жастық жаман, алдыңа жатам.
Апасы Маратты сойталдай ғып, жас балаша орап, алдына алып ұзақ отырады.
-
Біраз жатшы енді төсегіңе. Түскі тамақ істейтін уақыт боп қалды.
Тамақ дегеннен Мараттың
ойына былтыр атасымен қалаға барғанда асханадан ішкен дәмді
борщ түсті. Аузына соның дәмі келгеңдей бодды. Сілекейі шұбырып кетті.
-
Іше
-
е
-
ем.
-
Не ішесің, не істейін?
-
Борщ іше
-
е
-
ем.
-
Жоқ сұмдықты қайдан шығардың тағы! Көпескені қайдан таптық енді?
-
Асханадан әкеп
бер. Жасағанынды ішпеймін. Апасы асханадан барып борщ әкелді. Бірақ
талай жерден алып келген еңбегі зая кетті. Марат бір ұрттады да:
-
Мынаның дәмі жаман. Қаланыкіндей емес. Кеспе ішем, —
деп қиғылық салды.
Жібек апайға еңді кеспе істеуге тура келді. Марат әрнені ойлап жатып, ойына не түссе, соны
алдырды. Төңірегі ыдыс
-
аяққа толып кетті. Бірінде борщ, бірінде кеспе, бірінде май, бірінде қаймақ,
бірінде кәмпит, біріңде қант.
-24-
Бәрі жақпайды. Әрқайсысын бір ұрттап, не бір тістесе
-
ақ
болды, ұнамай шыға келеді.
Бұл аурумен Шолпан да ауырып тұрды. Қаншама еті ысып, қиналғанымен, қыңқ еткен жоқ.
Бота көзі мөлдіреп қана төсегінде жатты да қойды. Ызбарлық, еркелік дегеннен түк білмейді екен
-
ау.
Ойлап отырса, тұлымы желбіреген осы бір айналайын сүйкімді балапанның әлі күнге ешқандай
да тентектігін көрмепті. Үнемі бәрін түсініп, үкінің балапаны құсап үлбіреп тұрғаны.
Ал Марат ше? Марат енді...
Достарыңызбен бөлісу: |