Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар



Pdf көрінісі
бет10/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#88182
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   134
Байланысты:
ZhambylKaldybaev .Tandamaly

АҢҚАУ АҚ БАЛАПАН
 
Бас
-
аяғы үш
-
төрт күннің ішінде Мараттар тауыққа байыды да қалды. Алғаш сары тауық жеті 
балапан, үш күн өткеннен кейін қара тауық он бір балапан шығарды.
Қара
тауық он бір балапанын шүпірлетіп ертіп шыққанда, алақандай аула маңын сары 
тауықтар түгелдей иемденіп алған болатын. Балапандары қайта
-
қайта араласып, рәсуалары шықты.
Марат оқудан келген соң, екі тауыққа екі жерге тары шашты. Екі жерде екі тауық құрқылдап, 
балапаңдармен тарыны шоқып жей бастады. Кенет тыныштықты қара тауықтың бір ақ балапаны 
бұзып жіберді.
Негізінде бұған
Мараттың да қатысы болды.
Ол тарыны шашыратпай, екі жерге салған. Бәрі 
шүпірлеп кеп жабыла кеткенде, ақ балапан сыймай шетте қалды. Жан
-
жағына жалтақтап қарап еді, 
дәл жанда

-22- 


рында жемге жабылып
жатқан сары тауықтың балапандарын көрді. Сары тауық та құрқылдап өз 
балапандарын жемге төндіріп қояды.
Ақ балапан жүгірген бойы олардың арасына қойды да кетті. Сары тауық алғаш көрмей қалды. 
Жем таусылып, балапандары шөпшеңдеп, бірен
-
саран бытыраған тарыны теріп жайыла бастағанда 
барып көрді.

Қырқ, қырқ! —
деп, сары тауық ақ балапанның дәл көк желкесінен шоқып алды. Ақ 
балапанның төбесінен жай оғы түскендей болды.

Шиқ, шиқ! —
деп жан даусы шығып, қайда қашарын білмей қалды. Қара тауық баласын 
талап жатқанын көрген жоқ.
Сары тауық тағы ұмтыла берді. Анадай жерде тұрган Әбіл:

Кіш, ей! Өлтірді
-
ау мынау, —
деп сары тауыққа ұмтылды. Сары тауық:

Қырқ, қырқ, қырқ, қы
-
ы
-
рық, —
деп дүрдиіп, тіпті, Әбілдің өзіне айбат шекті. Ол әлсіреп 
қалған ақ балапанды қақпайлап барып, үйіріне қосып жіберді.
Марат Әбілден гөрі тауықтарға жақын тұр еді, бағанадан бері селт етіп орнынан қозғалған жоқ. 
Қызықтап қана тұр.

Марат, жақын тұрып ажыратпағаның не? Екі ортада балапанды өлтіріп ала жаздадық, —
деп 
Әбіл Маратқа кейіс білдірді.

Мейлі, өлсе өле берсін. Өзі неге шашқан жемнен жемей, бөтен балапандарға барып қосылады?
Әбіл
Мараттың мына сөзіне қатты қынжылды:

Ол әлі бала ғой, ештеңені білмейді. Өзіңді әлі жеткен ұрып жатса, ешкім сені ажыратпай 
қарап тұрса, қайтер едің? Ол балапан да өзің сияқты емес пе?..

Мейлі, мені ұрса, ұра берсін. Ажыратпаса қойсын. Мейлі, мейлі...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет