Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар



Pdf көрінісі
бет6/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#88182
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   134
Байланысты:
ZhambylKaldybaev .Tandamaly

ТЕРЕЗЕ ҚАҚПАҒЫ
 
 
Әбіл
жұмыстан шаршап келіп, төсекке жантайып кітап оқып жатқан. Кітаптың қызығы біржола 
баурап алып, басқа дүниені ұмыттырып жіберіп еді. Кенет терезенің қақпағы
сатыр
-
сұтыр жабылды да, 
әп
-
сәтте үйдің іші қап
-
қараңғы
болып кетті.
Пәле Мараттан болған екен. Ол терезенің бір жақ қақпағын
ашып, сықылықтай күлді де, қайта жаба 
қойды.

Қой, Марат, кітап оқиын, терезені ашып қойшы.
Марат қақпақты тағы ашты да, Әбілді мазақтағандай мұрнын тыржитып, басын бұлғаң
-
бұлғаң еткізіп, тағы 
жаба салды. Бүйтіп тілімді алмайды деген Әбілдің ойында жоқ
-14- 


еді. «Апырым
-
ау, не жазып қалып едім?» деп таңданды. Маратқа сәл ренжіңкіреп, терезе алдына 
келді.

Марат, сен жақсы жігіт едің ғой, ашшы, айналайын.

Ашпаймын.

Кешке қызық
-
қызық ертегі айтып берейін, қазір кітап оқиын, ашшы.

Ертегіңіздің керегі жоқ. Тыңдамаймын. Сіз Шолпанды жақсы көресіз, соған айта беріңіз.

Кешегіні айтып тұрсың ба? Онда өзіңдікі жөн емес қой, қарашы, шашың да өсіп қалды. Өскен 
соң, әнеукүнгіден де әдемі етіп түк ауыртпай сыпырып тастаймын, ашшы енді.
-
Әли
атам
-
ақ алады.

Өткенде
атам
ауыртады, енді сізге алдырып тұрамын дегенің қайда?

Ауыртса 
мейлі, 
ол 

біздің 
туысқан, 
өзімнің 
атам.
Марат Әбілдің алдаусыратқанына көнбек тұрмақ,
ерегісе түсті. Қайдан сап ете қалғаны белгісіз, 
Әбілдің есіне терезенің желдеткіші түсе кеткені. Бағанадан бері Маратқа жалынғанының бәрі 
Әбілге зая көрінді. Желдеткіш сыртқа қарай
ашылатын, ептеп итеріп еді, терезе қақпағына барып 
тірелді. Күшін салып қатты итеріп қалды. Марат кақпақты іргетасқа шығып алып басып тұрған, ол 
енді қапелімде ашылып кетіп, сырып жіберді де, жерге құлап түсті.
«Өз үйімнің терезесі, кақпағын жабам ба, қоям ба, онда Әбілдің жүмысы қанша? Онымен 
қоймай, итеріп жібергенін қарашы, ей?»
Марат осыңдай қияңқы оймен қорланғандай, еш жері ауырмаса да орнынан бақыра түрегелді. 
Қыңырлығы ғой, болмаса бүліне қалатын ештеңе жоқ, іргетас ап
-
аласа болатын.

Ештеңе етпейді. Өзің ғой, енді нең бар тыныш тұрған тереземен алысып? «Ғарышкер 
боламын» дейтінің
қайда? Ғарышкер болатын бала ап
-
аласа жерден құлағанға да жылай ма екен? 
Соған шынымен
-
ақ
жылаймысың, жаман балалар құсап, қой, —
деді Әбіл Мараттың
намысына
тигізе.
Марат тындаған жоқ, жылаған бойы үйді айналып кетті. Әбіл
«Шынымен құтылдым ба?» деп 
төсекке қайта жантая беріп еді, Марат үйге кіріп келді. Долылығы сыртына
-15- 


теуіп, аузы бұртиып, көзі қызарып кетіпті.
Белдігін шешіп алыпты. Әбілді ұрмақ ойы бар.
Қайтер
екен деп, Әбіл ашулы кейіппен көзінен айбар шаша қарады. Марат сескеніп қалт тоқтады.

Ұрам, ұрам. Неге итеріп жібересіз?
-
Сенің мұғалімің Нұрғайша апай ғой. «Үлкеннің тілін алма. Белдігіңмен кісіні ұр» деп үйретіп 
пе еді? Ертең ол кісіге осыныңды айтып барамын. Сыныбыңның талқысына саламын. Ал қазір бар, 

деп, Әбіл зекіп тастады.
Бұл Әбілдің жай жасқайын дегені. Әйтпесе осы күнге дейін Жібек апай ренжіп қалар деп, 
Марат пен Шолпанға қатты сөйлеп те көрген емес.
Апайынан жасқанды ма, жоқ, шынымен ұрар деді ме, Марат не істерін білмей,
жүні жығылып 
состиып тұрып қалды. Сөйтті де


Апама айтам. Үйден шығарып жібереміз, —
деп долдана бақырып жылап, үйден шығып кетті.
Жібек апай алты жасар Шолпан екеуі дүкенге кеткен. Әбіл бір түрлі ыңғайсызданып, ол кісі 
келгенше жұбатып қоймақшы боп далаға шықса, есік алдында Марат шешесіне:

Әбіл
аға ұрды, —
деп шімірікпестен соғып тұр екен. Апай сеніп қалған ба, Әбілді көре салып:

Әбіл
шырағым, оның не, кішкене баламен бала боп, —
деді.
Әбілдің
екі беті ду етіп, қызарып кетті.

Марат, мен ұрдым ба сені? Сөйтіп өтірік айтуға бола ма екен


деуге ғана шамасы келді. 
Онан әрі аузына сөз түспей, булығып қалды.
Марат үндей алмай төмен қарап, аяғының басымен 
жер шұқи
берді.
Жібек апай іс мәніне дереу түсіне қойды:

Қара, мұның өтірік айтуын, —
ден Маратқа тұра ұмтылды. Марат зыта жөнелді.
Әй, осыдан 
үйге
келмей кеткеніңді көремін. Айтпады деме, мойныңды жұлам, —
деп, апасы бұлқан
-
талқан боп 
ұрысып қала берді.

Маратқа тимей
-
ақ
қойыңыз, апа. Өзіміз
-
ақ татуласып кетеміз. Білместік жасаған шығар, бір 
жолға кешіріңіз
, - 
деді Әбіл басу айтып
.
Кешкі астан кейін:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет