шетіне отырып жатып. Марат Шолпан естімейтіндей етіп Әбілдің құлағына:
-
Аға, сізді жақсы көрем. Сізге бірінші құйып әкелейін.
Содан кейін
Шолпанға айран жоқ дей
салайық, —
деп
сыбырлады.
Әбіл
Мараттың құлағына:
-
Қой, оның не? Мен бөлектеніп қалай ішемін? Болмайды, —
деді.
-
Онда мен Шолпанға да, сізге де айран бермеймін. Құйып
әкелмеймін.
-
Мейлің, өзіміз
-
ақ құйып ішеміз.
-
Мен қазір «айранның бәрін құртты» деп апама барып айтамын. Онда қайтесіз?
-
Апаң не қылады? Айран ішпе дей ме? Бар, айта бер.
Марат
аяқ астынан сынапша бұзылып,
шынымен апасына айтпақ боп далаға шығып кетті. Әбіл мен Шолпан үн
-
түнсіз айранға тойып алды.
Маратқа жолда: «Менен Шолпанды жақсы көреді екен ғой.
Әйтпесе неге өзіне құйып
бергенді іше
бермейді? Шолпанға беремін бе, бермеймін бе, не жұмысы бар?» деген қызғанышты ойлар келді.
Апасына келіп:
-
Апа, аналар айранды құртып жатыр, —
деді.
-
Не
ғып
құртты? Төгіп алды ма?
-
Ішіп жатыр.
-
Ішсе, ішсін. Оны не деп айтып тұрсың? Марат сөз таппай жерге қарады.
Достарыңызбен бөлісу: