Ұстара сыр етіп
төбесінен бір жүріп
өткенде, иығын қиқаң еткізіп бұға
қалды
.
-
Қорықпа, Марат. Әлдекімге ұқсап бұққаның
нең?
Марат қайта
жөнделіп отыра бергенде,
ұстара жүзі жүріп
берді. Әбіл ұстарамен емес, алақанымен ғана сипап өткендей болды. Тағы
сипады, тағы сипады. Ұстара жүзі бір орнын қайта баспады. Марат көзін жұмып, мүлгіп отыр.
Қалғып кете жаздады. Әли атасының шаш алғаны келді көз алдына. Мараттың басын екі тізесімен
мықтап қысып алатын. Ауырсынып, қыңқылдаса:
-
Тәйт әрі, жаман неме! Жаның шығып бара ма? Осы күнгінің балалары жасық туады білем.
Шашымызды қабырғамен алып жатса да былқ етпеуші ек. Қап, әттеген
-
ай! Мына жерін кесіп
алғанымды қарашы. Қан шыққаны
жақсы. Болмаса, шайтан
басыңды қауақ қылып алады,
-
деуші
еді.
-
Мінеки, алып та
біттік. Қалғып кеткеннен саумысың өзің? «Апыр
-
ау, шынымен алып бітті
ме?»
Марат айнаға қарады. Әли атасы алғанда өтпес шалғының артыңда қалған сояудай боп,
төбесінің әр жерінде едірейіп шаш тұрушы
еді. Қазір басы жұмыртқадай боп жылтырап тұр.
Шашы туғалы мұндай
әйбат боп алынып көрген емес. Қуанып кеткен ол Әбілге:
-
Аға, шашымды енді үнемі сізге алдырып тұрамын, түк ауырған жоқ, —
деді.
Аз
-
ақ күннің ішінде Әбіл Марат пен Шолпанға туған ағасындай боп кетті. Әсіресе, Марат
шашын алғызғалы Әбілді жанындай жақсы көріп
сыйлайды. Әбіл бірдеңеге жұмсаса
-
ақ, елпілдеп
ұшып тұрады. «Дүниеде
Әбілден жақсы адам бар ма екен! Кітап оқып бер десең, кітап оқып береді,
ертек айт десең, ертек айтады. Бәрінен де шаш алғанын айтсайшы!»
Бүгін Әбіл түскі тамаққа кеш келді. Ол келгенде Жібек апай үйде жоқ, тек Марат пен Шолпан
ғана барды.
-
Марат, апаң қайда?
-
Әли
атамның таңдырына нан жабуға кетті.
-
Мен мектепке қазір
қайта баруым керек еді. Айран ұйыса, әкелші, нан турап жеп кете қояйын.
Марат дөңгелек үстелге дастарқан жайып, нан әкелді. Әбіл турай бастады.
-
Мен де айран ішем, —
деді Шолпан да үстелдің бір
Достарыңызбен бөлісу: