-
Ертегі айтып берші, аға, —
деп Әбілдің жанына Шолпан келді. Әбілге ертегі айтқызу —
Марат
екеуінің күндегі әдеті. Күндізгісінен ұялып Марат анадай жерде томсырайып жақындай алмай тұр.
Әбілдің
ойына бір қулық түсе кетті:
-
Менің бөлмеме жүр, Шолпан. Сонда барып айтамын. Өте қызық ертегі,
-
деп, Әбіл Маратқа
көзінің астымен қарап қойды.
-
Марат та жүрсін қызық болса, —
деді Шолпан жұлып алғандай
.
Марат ызаға булығып, иегі кемсеңдеп жыларманға келді.
-
Марат, жүре ғой. Күнде екеуіңе айтушы емес пе едім. Жүр, —
деді Әбіл оны қолынан жетелеп.
Марат үндемей жерге қарап келеді.
Кенет Марат:
-
Аға, күндегі айтатын ертегіңізді кітаптан оқушы
ма едіңіз
? -
деді.
-
Ия, Марат. Күндіз оқып алып, кешке
сендерге айтып беретінмін, —
деді Әбіл Мараттың
қытығына тигенін біліп қуақыланып.
-
Мен онда енді еш уақытта да терезенің қақпағын жаппаймын.
Шолпан жаппақ болса, оны
итеріп жіберемін, —
деді Марат мәз болып.
-
Ия, мен сен сияқты бұзақы емеспін. Сен ғой... —
деп, Шолпан Маратты жазғыра бастады.
Марат үндей алмай қалды. Жаңа ғана желпініп келе жатқан көңілі су сепкендей басылды.
-
Екеуің де бұзақы емессіңдер, жақсысыңдар, айналайындар.
Бағана мен Маратты байқамай
қалып, жабық тұрған қақпақты ашам дегенде жығып алғам, Марат, ә? —
деп
Әбіл екеуіне ертегі
бастай жөнелді.
Шолпан шынымен солай ма еді дегендей, Маратқа сұраулы жүзбен қарады.
«Қап, мына Шолпанның қорлығын
-
ай! Әбіл аға болмаса, күн көрсететін емес қой өзі. Жаңа ғана
шүйіркелесіп келе жатқанда шырқымызды қайта бұзып жібере жаздады
-
ау. Бәрі терезе қақпағының
кесірі. Сол пәленің енді маңайына жоламаспын» деп ойлады Марат.
Достарыңызбен бөлісу: