түсті. Әлінің келгенінше тырбындап, мұрнының ұшына дейін терлеп, қара суға түсті. Сонда да
ештеңе өндіре алмайды. Әбілдің күрегі ұңғысына
дейін
жер қауып, қара топырақты жентек
-
жентек етіп, тіліп түсіп жатыр, ортасынан ауып қалды. Маратқа бұл жұмыс ауыр соғады екен,
бар аударғаны тоқымдай
-
ақ,
Әбіл тағы біраз еңсеріп барып, күрегін жерге шаншыды да:
-
Марат, жер аударуға әлің келіңкіремейді екен. Одан да әуре болмай
-
ақ қой. Мен
аударайын, сен тырмала. Қазір кішкене дем алайық, отыр, —
деді.
-
Сіз аударған жерді тырмаламаймын.
-
Неге?
-
Мен сізге өкпелеп қалдым.
Әбіл
арық ернеуіне отыра кетті.
-
Кешегіні айтасың ба? Өзің ғой енді...
-
Мен емес, сіз кінәлісіз. Сіздің тепкен добыңыз Шолпанды жалпасынан түсіре жаздады.
Шолпан —
менің қарындасым. Мен оны ешкімге ренжіткізбеймін.
-
Мұның дұрыс, ешкімге ренжіткізбе.
Бірақ мен допты әдейілеп емес, абайламай тигізіп
алдым ғой Шолпанға.
-
Шолпанға біреу тисе, мен қарап тұра алмаймын. Сіз болған соң шыдадым, басқа балалар
болсыншы...
-
Не істейсің сонда?
-
Төбелесем.
-
Әй
,
Марат, Марат! Қызықсың, ей сен! Сөйтуге бола ма екен? Мейлі, сен —
бәрібір жақсы
баласың. Шыныңды айтасың. Адамға ең қажеттісі —
шыңдық.
Марат Әбілдің сөзін қалай түсінерін білмей дал болып тұрған,
жандарына Шолпан келе
қалды
.
Шолпан Әбілдің күрегі
шаншулы тұрған жерді аяғымен шұқып:
-
Аға, былтыр мына жерге дәу қауын шыққан, биыл тағы шығады. Піскенде келіңіз, сақтап
қоямыз, —
деді.
-
Иә, саған, сақтармын. Өзім жеймін.
-
Сақтап қоямыз. Апам екеуіміз піскен күні үзіп ап, саған көрсетпей тығып қоямыз.
-
Өйтіп
ерегіссеңдер, оны көктей жұлып тастаймын.
-
Мейлі, оны құртқаныңмен, басқа біреуін алып
қоямыз
.
-
Сенің қауында нең бар әуелім? Бір сүйем жер
аударған
жоқсың.
-21-
-
Сенің аударғаның сол
-
ақ па? Бәрін Әбіл ағам аударып жатыр.
-
Мейлі. Бұл жер —
біздікі. Оның қауын
-
қарбызын өзіміз жейміз.
Мараттың бет бақтыратын түрі жоқ. Шолпан не айтарын білмей тосылып қалды. Жабырқап,
жыларманға келді. Әбіл Шолпанды аяп кетті.
-
Шолпан, Марат жай ойнап тұр. Немене,
бір қауын
сақтап қоюға Мараттың мырзалығы
жетпей ме? Біреу түгіл, онын алып қояр Маратың, айта берсең. Солай емес пе? Марат, өзің айтшы
.
Шолпан сенің ойнағаныңа сеніп қалыпты
.
Марат —
тегінде, артында зілі жоқ, аңқылдақ, ақ көңіл бала. Аңғалдықпен бірдеңені бүлдіріп
алғанымен, ізінше соны түзетуге асығатын.
Оңдайда орайы келіп қалса, тартынып қалған жері жоқ.
Қазір шүу дегенде ерегісерін ерегісіп қап, енді не істерін білмей, дал боп тұрған.
-
Мен өзім аударған жердің қарбыздарының дәу
-
дәулерін түгелдей Әбіл ағама тығып қоям, —
деді.
-
Қазір Әбіл аға қарбыз егетін жерді де аударады. Сол жердің
қарбызынан мен де қарбыз
сақтап қоям, —
деді Шолпан.
Достарыңызбен бөлісу: