Марат қитыға қалды:
-
Иә, саған. Жесең, өзің же біреуін. Мен онын жеймін балмұздақтың.
Жібек апай күйіп
-
пісті.
-
Сенде тойым жоқ, Марат. Онын жеген соң, тамағыңнан
не қалады, ойбай
-
ау! Шолпан күліп
жіберді.
-
Апа, онын жемейді. Әшейін айтады.
Бір қасарысса, кайтатын Марат па, өршелене түсті:
-
Онын, он бесін, жоқ, жиырмасын жеймін. Түк те болмайды. Талай жегем.
-
Жоқ, бұл жолы біреуден артық жемейсің. Мен ағаларыңа мықтап тапсырып жіберем.
Ағаларың да, сеңдер де айтқан тілімді алмай көріңдер, түге...
Ойына келгеңді бүкпентайлап не керініпті Маратқа? Сөздің тоқ етерін бір
-
ақ айтты:
-
Мен тілін алмаймын оның. Ол
біздің мұғаліміміз
емес, практикант.
-
Не деп отыр мына қағынғыр? Піректикең не, ей? Ағаң —
ол. Аласың тілін.
-
Мен біреудің емес, өзімнің тілімді алам. Балмұздақты көп же деп отырмын мен өзіме.
Ендеше, көп жеймін.
Жібек апай шарасыз кейіппен Әбілге қарады.
-
Не дейсің бұған
енді? Дені дұрыс па өзінің?
-
Не дейін? Марат мөймөңкелеуді
білмейді. Дұрыс. Мұнысы —
қиқарлығы емес, шындықты
айтқаны. Ешкімнің қақпалауына көнбейтін бітбеткей жігіт болады балаңыз.
-
Соңда да енді былай, үлкеннен қаймықпай ма екен?
-
Қаймықпайды
Марат.
-
Үлкенді
сыйлауы, тіл алуы керек.
-
Оныңыз жөн. Марат, меніңше, оңдай әдептілікті білуі тиіс.
-
Әй, қайдам, білмей ме деп қорқам. Мұғалімсің
ғой, соның бәрін білдірші бұған
,
тәрбиелеп
беріп кетші маған мұны.
Марат өзі де әдемі жігіт болып өседі. Ал мен бүгін жүрем Алматыға.
Практикам бітті.
-
Қалайша
тез біте қалды? Қап, мына екеуі
әбден бауыр басып қалып еді, қоңылтақситын
болды
-
ау!
Шолпанның көзі жәудіреп барады.
-
Аға, кетпеңізші. Мұғалім
болып жүре беріңіз өстіп.
Достарыңызбен бөлісу: