Сұлтанмахмұт Торайғыров



Дата08.09.2017
өлшемі66,81 Kb.
#29982
Сұлтанмахмұт Торайғыров
Абайдан кейінгі қазақтың жазба әдебиетінде әр жанрда еңбек етіп, ерекше көзге түскен көрнекті ақындарының бірі Сұлтанмахмұт Торайғыров болды. Ол 1893 жылдың 28 қазанында Көкшетау облысының Қызылту ауданында туған. Оның әкесі Шоқпыт (шын аты Әбубәкір) атанған кедей, момын шаруа адамы болған.Шоқпытта екі баласы болған: Байқоңыр, Сұлтанмахмұт. Сұлтанмахмұттың екі жасында шешесі өліп, жетімдікті көріп өседі. Әкесі әйелі өлген соң балаларын алып, өзінің туған жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына көшеді. Ақынның балалық шағы Баянауылда өтеді. Алғашқыда ол Әлі, Тортай, Мұқан деген ауыл молдаларында оқиды. 1908 жылы Сұлтанмахмұт Баянауылдағы Әбдірахман деген молданың медресесіне түсіп, одан 2-3 жыл сабақ алады. Молданың ұрып – соғуына шыдай алмай, ол оқуды тастап кетеді. Молданың қаталдығын, надандығын сықақ етіп өлең шығарады.
Ол 1911 жылы бір қыс бойы Нұрғали Бекбауов деген мұғалімнен оқиды. Нұрғали жаңаша оқыған, көзі ашық, сауатты мұғалім болған. Оның көмегімен Сұлтанмахмұт қазақ, татар тілдерінде шыққан әдеби кітаптарды, газет – журналдарды оқуға дағдыланады. Өзінің білімінің саяздығын сезген Сұлтанмахмұт 1912 жылы Троицк қаласына барып, Ахун Рахманқұли деген татардың медресесінде оқуға түседі. Бірақ тұрмыс жағдайының ауырлығынан мұнда ұзақ оқи алмайды. Қаржының тапшылығынан көп қиыншылық көріп, ауруға шалдығады. Жаз шыға Троицк маңындағы бір ауылға бала оқытуға кетеді. Ондағы ойы бала оқыта жүріп, денсаулығын түзеп, қаржы жинап, қайта оқуға келу болады. Ол бала оқытудан бос уақытында, өз бетімен оқумен шұғылданады, өлеңдер жазады. Сұлтанмахмұт Торайғыров қазақтың ұлы ақыны Абайға да мінездеме беріп, оны қазақ әдебиетінің өкілдерінің бәрінен ерекше, дара тұлға деп бағалайды. Ол аз өмірінің ішінде (небәрі 27 жас жасаған) әлденеше лирикалық өлең, ондаған мақала, екі роман, 5-6 поэма жаңа сатыға көтерген, Абайдан кейінгі ірі суреткер, реалист ақын болып табылады.

Он екі жасында-ақ тауды тесіп, тасты жарып шыққан қайнардай бұрқ етіп өлең-жыр шумақтаған балдырған Сұлтанмахмұт 17 жасында туған халқының өмір сырына үңіліп, келешегін ойлайды. Шындықтың аулын іздеп жолға шығады.

Сұлтанмахмұт өмір сүрген кезең ХХ-ғасырдың бас кезі- Ресей топырағындағы ең бір дүр сілкіністің, азаттық үшін арпалыстың кезеңі болды. Бірімен-бірі қабаттасқан үш бірдей төңкеріс патшашылдық биліктің тас-талқанын шығарды. Отаршылдық езгінің әлсіреуі ұлттардың оянуын тездетті. Саяси жағдай ұлттық сананың оянуына себепкер болған төменде айтып кеткен үш төңкеріс, ол Ресейдегі 1905-1907 жылдары және қазақ даласындағы патшаға қарсы 1916 жылғы қозғалыстар, 17-ші жылғы Ақпан төңкерісі. Ақынның бел шеше жазу ісімен айналысқан кездері де осы бір шытырман жылдар еді. Ол мәдениеті озық елдердің жоғары жетістіктерін уағыздап, жаңалық жаршысы бола білді. Сол себептен ақын «Бүгіндегі жастарға оқу міндет, бар қиындық тек қана ғылым жеңбек» деген үлкен ойдың қажырлы көрінісіндей жыр жолдарын өз оқырмандарына жолдады.
Сұлтанмахмұт шығармаларын жинау, бастыру, зерттеу ісінің де ұзақ тарихы бар. Ақынның өз басы да, әдеби мұрасы да дау-дамайға көп түскені мәлім. Осындай уақытта ақынның кейбір өлеңдері жоғалды, табылғаны дау туғызды. Қолда барының кейбірі ұлтшылдық қарғыс таңбасы басылып, қайта жабылды. Сондай шығармасының бірі- «Айтыс» (қала ақыны мен дала ақынының айтысқаны) аталатын дастаны. Бұл-аяулы ақынның кемел ойлап, кең пішкен шығармасы. Аяқталмауы өкініш. Мұнда Сұлтанмахмұт егеменді еліміздің тәуелсіздігі, тіл теңдігі, төл өнеркәсіп, Ұлттық қорғаныс тәрізді аса ірі және көкейкесті мәселелерді сол кезде-ақ – 1919 жылы қозғап, тамаша жырлағанын көреміз. Жиырма жеті жасында дерт меңдеп, тағдыр кермесіне ілінген ақын! «Тым болмаса екі жыл тұрмадым, іштегіні түгел жарыққа шығара алмай кетіп барамын», - деп, «Айтысты» тәмәмдай алмағанын зор өкініш етіпті.

С.Торайғыров қайтыс болғаннан кейін, советтік заманда- 1922 жылы Қазан қаласында белгілі ақын Бернияз Күлеев бастырған «Адасқан өмір» және 1933 жылы Қызылордада шыққан «Сұлтанмахмұт Торайғырұлының толық шығармалар жинағы» кітаптарында жарияланды.

1933 жылы ақын жинағын Жүсіпбек Аймауытов баспаға дайындады. «Сұлтанмахмұт өлген соң (1920ж) оның шығармаларын он жыл бойы жинап – теріп, баспаға әзірлеп, өмір тарихын жазған Ж.Аймауытовтың еңбегі айрықша екенін баса айту керек. Жүсіпбек болмаса Торайғыровтың толық жинағының шығуы, оның толық өмір тарихын білуіміз неғайбыл еді.»,-дейді Қайым Мұхамедханов. Поэманы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 1922 және 1933 жылдары жинақтары бойынша баспаға дайындаған – филология ғылымдарының кандидаты Арап Еспенбетов. С.Торайғыровтың кейінгі жылдары шыққан екі жинағында да (1950 және 1957) елеулі кемшіліктер кездеседі. Біріншіден, жазушының қолжазбалары жоғалып кеткенін сылтау етіп, тиянақты ешбір текстологиялық жұмыс жүргізілмей келген. Екіншіден, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың творчестволық өмірбаянын жазуда да ауыз толтырып айтарлықтай ізденулер мен жаңадан тапқан жөнді деректер болмаған.

1926 жылы «Сұлтанмахмұт Торайғырұлының сөздерін жинау науқанына ат салыңыздар!» деген ашық хатында Жүсіпбек Аймауытов: «ақын елінің тілі ғой, адал туған ұлы ғой, бүлк-бүлк еткен жаны ғой, жанын жеген ары ғой, айта алмай. Жаннан, ардан безбесе, ақынын қандай ел қастерлемесін! – деп жазды. Сұлтанмахмұт шын мағынасында осы сөзге татитын ақын. Ол көп жабының бірі емес, от болып жанып кеткен, құйрықты жұлдыздай ағып түскен, тұлпар талант еді. Сондықтан Сұлтанмахмұт есімі қазақтың жыр – дариясын құрайтын үлкен, асау, арналы өзенінің бірі болып қалмақ. Ол халық жүрегінен құрметті орын алады.

Павлодар қаласында қасиетті қара шаңырақ Павлодар мемлекеттік университеті және облыстық кітапхана С.Торайғыров атымен аталады. Сол қалада Торайғыров көшесінде ақынға арналған ескерткіш орнатылған.
Баянауылда С.Торайғыровтың құрметті есімімен аталған «Торайғыр көлі» бар екені барлығымызға мәлім. Сол көлдің маңында Торайғыр ауылы орналасқан.


Кітапхана қорындағы

ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармалары

1. Торайғыров С. Шығармалар жинағы: қамар сұлұ. Кім жазықты. Адасқан өмір. Айтыс. Өлендер.- Алматы: Өлкен, 2012.- 488 б.

2. Торайғыров С.Шығармалар жинағы үш томдық: Бірінші том.- Алматы: Жібек жолы, 2002.- 176 б.

3. Торайғыров С. Шығармалар жинағы. Екі томдық.- Алматы: Ғылым, 1996

Т. 1.- 280 б.

Т. 2.- 200 б.

4. Торайғыров С. Шығармалар, 2 томдық 1 том.- Алматы: Жазушы, 1967.- 380б

5. Торайғыров С. Үш томдық шығармалар жинағы.- Алматы: Жібек жолы: Алаш.Т. 1.- 2002.- 176 б. Т. 2.- Өлендер. Поэмалар. Роман.- 2003.-255 б.

Т. 3.- Роман.- 2005.- 232 б.

6. Торайғыров С. Үш томдық шығармалар жинағы: Үшінші том [Роман].- Алматы: Алаш, 2005.- 232 б.

7. Торайғыров С. Екі томдық шығармалар жинағы.- Алматы: Ғылым, 1993.- Т. 1.- 280 б., Т. 2.- 200 б.

8. Торайғыров С.Таңдамалы: Поэма.- павлодар: ЭКО, 2011.- 192 б.- ( Кереку- Баян кітапханачы)

9. Торайғыров С. Адасқан өмір. кедей. Жарқынбай. Кім жазықты. Қамар сұлу.- Алматы: Рауан, 1992.- 237 б.

10. Торайғыров С. Алаш ұраны: таңдамалы шығармалары.- Алматы:

Жазушы, 2002.- 152 б..- (Мектеп Кітапханасы)

11. Торайғыров С. Асыл сөз: Өлендер мен дастандар.- Алматы: ҚАЗақпарат, 2005.- 117 б.-(Мектеп кітапханасы)

12. Торайғыров С. Дүние дөңгелегі айналады: Таңдамалы.- Алматы: Халықаралық Абай клубы, 2009.- 356 б.- (Amanat журналының кітапханасы)

13. Торайғыров С.Қамар сұлу: Роман.- Алматы: Жазушы, 2009.- 416 б.-(Қазақтын 100 романы)

14. Торайғыров С. Қамар сұлу: Романдар, поэмалар, өлендер.- Алматы: Атамұра, 2002.- 240 б.(Атамұра кітапханасы)

15. Торайғыров С. Өлендер.- Алматы: Жазушы, 1971.- 64 б.

16. Торайғыров С. Сарыарқаның жанбыры: Өлендер мен дастандар.- Алматы: Раритет, 2007.- 208 б..- (Жыжауһары).- (Алтын қор).- ( Алтын қор)

17. Торайғыров С.Сарыарқаның жаңбыры: Поэмалар.- Алматы: Жазушы, 1987.- 2 кітап.- 1987.- 224 б.

18. Торайғыров С. Сарыарқаның жаңбыры.- Алматы: Жазушы, 1987.-Бірінші кітап: Өлендер.- Алматы: Жазушы, 1987.- 160 б.

19. Торайгыров С. Огонек в степи: Избранные стихи/ предисл. М. Ауэзов; примеч. Л. Жовтис; худож. А. ременик.- М: Художественная литература, 1979.- 196 с.

20. Торайгыров С. Избранное .- Алма-Ата:Жазушы, 1971.- 254с
Мерзімді басылым беттерінде

1.Торайғыров С. Алаш ұраны: Өлен // Жұлдыз.-1991.-№ 5.- 89 б.

2. Торайғыров С. Алаш ұраны / Ақиқат.- 2008.- 1 қантар.- 3 б.



3. Торайгыров С. Избранное // Простор,- 1972.- № 4.- С. 114-118

4.Торайгыров С. Я одинок: Из классической казахской поэзии.- Аманат.- № 3.- С. 132-138

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет