болады.
Көркем гимнастикасының формасы – суға түскенде
киетін киім, жеңіл аяқ
киім, жеңіл жұқа шұлық. Лента, доп, шеңбер секілді спорт құралдарын
қолданар алдында нұсқаушымен кеңесу қажет.
*Гимнастика деген атау гректің «жаттығу», «жалаңаш» деген сөздерінен
шыққан. Себебі, Ежелгі Грекияда гимнастикаға
бет бұрған адам мейілінше
жеңіл киінетін болған.
Бірақ бастапқыда жаттығудың негізі әскерлерді атты тақымдауға, соғысқа
қажетті өзге де әдіс-тәсілдерді үйретуден тұрған. Уақыт өте гимнастика
Грекияның білім беру жүйесіне ене бастады. Біртін-біртін ережелер
нақтыланып, спорттың сұлу түріне деген сұраныс артты.
* Бір қызығы, спорттың бұл түрі ресми түрде кештеу мойындалып, тұңғыш
мектеп тек 1913 жылы Ленинградтағы П.Ф.Лесгафт атындағы дене
шынықтыру институтында ашылды. Мұнда негізінен би гимнастикасы мен
би түрлері үйретілетін. Ал 1963
жылы Халықаралық гимнастика
федерациясы жанынан спорттық гимнастика комиссиясы құрылып, 1998
жылы спорттың аталған түрі «көркем гимнастика» деп өзгертілді. Олимпиада
бағдарламасына ол 1984 жылы бір-ақ енді.
* Тарих беттеріндегі ақпараттар алғашқы халықаралық ресми жарыстың 1960
жылы Софияда өткендігін растағанымен, КСРО аумағында сайыстар 1941
жылы ұйымдастырыла бастаған екен. Ал 1963 жылы Будапештте аталмыш
спорт түрінен Еуропа Кубогының түндігі түрілді.
* Осы уақыт аралығында гимнастшыларды бағалау жүйесі
бірнеше рет
өзгеріске ұшырады. Оның бәрі төреліктің әділ болуы үшін жасалып жатқан
қадамдар. Мысалы, 2001 жылы спортшылардың үздік өнеріне 10 ұпай
берілсе, 2003 жылы бұл өлшем – 30-ға, ал 2005 жылы 20 ұпайға өзгертілді.
*Дегенмен әлі күнге дейін көркем гимнастикадағы субъективті пікір мен
бұрмалаушылықты жою мүмкін болмай келеді. Соның салдарынан төрешілер
арасында пікірталас пен кикілжің жиі орын алып жатады. Солардың біріне
2000 жылы Сарагосадағы Еуропа біріншілігінде куә болдық. Өз жерлестеріне
бүйрегі бұрып, өзгелердің әрекетін жоққа
шығарғысы келген украиналық
әділқазыИрина Дерюгина техникалық комитет мүшелігінен шеттетілді.
*Гимнастиканың басты мақсаты спортшының физикалық даярлығын
жақсарта түсу ғана деп ұғу қате. Өйткені мұнда бапкерлер шәкірттерінің дене
бітімінің сұлулығымен қатар бойындағы сенімділігін арттыруға, тіпті,өмірге
деген көзқарасын қалыптастыруға барын салады. Спортшының есте сақтау
қабілетін дамытып, уақытын бақылауға да тигізер септігі мол. Бүгінде
көркем гимнастиканың фитнес пен йога секілді қолжетімді түрлеріне
сұраныс жоғары.
* Көркем гимнастикадан жарыстардың барлығы 13х13 метр көлеміндегі
кілемдерде өтеді.
* Спорттың бұл түрімен әдетте тек қыздар
шұғылданады дегенімізбен,
бүгінде ерлер арасында ырғақты гимнастикаға қызығушылар саны
артқандығын айта кеткен жөн.
* Бір ерекшелігі, гимнастшылар допинг қолданатын спортшылар қатарына
жатпайды. Оның бірден-бір себебі, бұлшықетке байланысты. Мұнда, әлгінде
айтып кеткендей, қозғалыспен қатар дене бітімнің сұлулығыесепке алынады.
* Әдемілікке бейжай қарай алмайтын ата-аналар үшін кеңес.
Көркем
гимнастикаға баланы 3-5 жастан берген жөн. Ондағы мақсат – буыны қатып
үлгермеген бүлдіршіннің мүмкіндігін барынша аша түсу. Гимнастшылардың
спорттық ғұмыры да тым қысқа. Өзгелер үлкен спортқа енді қадам басып
немесе жұлдызы жанар шақта, спорттың бұл түрін серік еткендер
бапкерлікке немесе спорттың басқа түріне,
спорттық балетке бет бұрып
жатады.