13 Дәріс №13. Жартылай өткізгіштер. Қарапайым және күрделі,
органикалық және органикалық емес жартылай өткізгіштер
Дәріс мазмұны:
- жартылай өткізгіштердің өткізу қабілетінің физикалық негіздері;
- органикалық емес және органикалық жартылай өткізгіштер.
Дәріс мақсаты: жартылай өткізгіштер мен олардың әртүрлі факторларға
тәуелділігін зерделеу;
13.1 Қарапайым жартылай өткізгіштер
Жартылай өткізгішті аспаптардың өндірісінде кең қолданыс тапқан ең
алғашқы жартылай өткізгіш – германий (Gе). Оны түзеткіш және импульсті
диодтарды, транзисторларды, фотодиодтарды, фоторезисторларды, тиристор-
ларды, тензометрлерді және т. б. жасау үшін қолданады. Кремний (Si) – бұл
Менделеев кестесіндегі IV топ элементі. Технологиялық қатынаста кремний
германийға (Gе) қарағанда күрделі, оның балқу температурасы 1420
0
С және
балқытылған күйінде айтарлықтай активті. Кремнийді әр түрлі диодтар, тран-
зисторлар, тиристорлар, стабилитрондар, фотодиодтар, Холлдың тетіктері,
тензометрлер, интегралды сұлбалар және т. б. жартылай өткізгішті аспаптар
үшін қолданады. Жай элементтерден жартылай өткізгішті аспаптарды жасау
үшін IV топ элементтері (Se) және (Те) қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |