6
материалдары, сегнетоэлектриктер, пьезоэлектриктер,
электроптикалық және
қисық-сызықты оптикалық материалдар, электреттер т.б.
Жартылай өткізгіштердің өткізгіштігі ( ) кернеумен, температурамен,
жарықтықпен, т.б. факторлармен реттеледі және өзгертіледі. Ол
материал-
дардан диодтар, транзисторлар, фоторезисторлар және де басқа жартылай
өзгерткіш аспаптар жасалынады.
Өткізгіштер электр тогын өткізу үшін қолданылады. Олардың меншікті
кедергісі ( ) төмен. Өткізгіштерге меншікті кедергісі төмен (кирогенді)
температурада өте аз болып төмендейтін асқын өткізгіштер мен крио
өткізгіштер және кедергісі жоғары резисторлар
мен қыздыратын элементтер
жатады.
Магниттік материалдарға магниттелу қабілеті бар заттар жатады. Кейбір
заттар магниттік өрістің жұмысы аяқталғаннан кейін магниттелгенін
сақтайды. Олар да магниттік заттарға жатады. Бұл заттардан индуктивті
ораманы және трасформаторлардың өзектерін,
электр машиналардың
магниттік жүйелерін, информацияны есте сақтайтын құрылғыларды,
тұрақтымагниттерді және т.б. бұйымдарды жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: