1.4 Қатты дененің аморфты және кристалды структуралары Структурасы бойынша, қатты денелер монокристалды, поликристалды,
аморфты және аралас болады. Аморфты күй дегеніміз – қатты дененің
изотропты болуы. Бұл жағдайда заттың сипаттамалары әр бағытта бірдей
және балқу температурасының нақты нүктесі жоқ.
Кристалды структура элементарлы кристалды бөлшектерден тұрады.
Кристал – біртектес анизотропты көп қырлы дұрыс дене. Бұл дененің ішіндегі
атомдар дұрыс реттелуімен сипатталады және бірдей элементарлы қайта –
қайта кездесетін бөлшектерден құралады.
8
а б
а) кубтық тор; б) гексогоналды тор.
1.2 сурет - Кристалды ұяшықтың торлары
Электрлік және магниттік мінездемелері кристалдардың түрлі
тораптарында әр түрлі.