Коммерциялық емес акционерлік қоғам электртехникалық материалтану



Pdf көрінісі
бет14/50
Дата07.02.2022
өлшемі0,83 Mb.
#89194
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   50
Байланысты:
ess 48

 
4.2 Диэлектрлік шығындардың түрлері 
Диэлектрлік шығындарды ерекшеліктері және физикалық табиғаты 
бойынша төрт негізгі топқа бөлуге болады: 
а) поляризациямен негізделген диэлектрлік шығындар
б) тура электрөткізгіштіктің диэлектрлік шығыны; 
в) құрылымның әртектігімен негізделген диэлектрлік шығындар; 
г) иондалған диэлектрлік шығындар. 
Поляризациямен негізделген диэлектрлік шығындар релаксациялық 
пояризацияға ие заттарда; дипольдық құрылымды диэлектриктерде және 
тығыз емес қапталған ионды құрылымды диэлектриктерде нақты байқалады.
Релаксациялық диэлектрлік шығындар электр өрісінің әсерінен 
бөлшектердің жылулық қозғалысының бұзылуымен тудырылады. Олар 
берілген кернеудің үлкеюімен көбейеді. Әсіресе радио жиіліктер мен өте 
жоғары жиіліктерде. Релаксациялық диэлектрлік шығын бұрышының 
тангенсінің температуралық тәуелділігінің максимумы берілген затқа тән 
кейбір температурада байқалады. 
Сегнетоэлектриктердегі диэлектрлік шығындар өзіндік поляризациямен 
байланысқан. Сондықтан сегнетоэлектриктердегі шығындар Кюри нүктесінен 
төмен температураларда байқалады. Бұл шығындар жиілікпен өседі. Кюри 
нүктесінен жоғары температурада шығындар азаяды.
Поляризацияныі баяулаған түрлерімен негізделген диэлектрлік 
шығындарға жарықтық жиіліктерде пайда болатын резонансты шығындар да 
жатады. Шығындардың бұл түрі кейбір газдарда белгілі бір жиілікте ғана 
және өріс энергиясын жұтуда ғана байқалады. Егер электр өрісімен 
тудырылған мәжбүр тербелістердің жиілігі қатты заттың бөлшектерінің өздік 
тербелісінің жиілігімен сәйкес болса резонансты шығындар қатты заттарда да 
бола алады. Диэлектрлік шығын бұрышының тангенсінің жиіліктік 


22 
тәуелділігінде максимумның болуы резонанстық шығындарға да тән. Бірақ, 
бұл жағдайда температура максимум жағдайына әсер етпейді. 
Байқалатын 
электрөткізгіштікке 
ие 
диэлектриктерде 
тура 
электрөткізгіштікпен негізделген диэлектрлік шығындар байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет