24
Егерде осы энергияның өлшемі үлкен болған жағдайда атомдар мен
электрондардың қозуы басталады. Бұл жағдайда
электрондардың ядродан
біршама жердегі орбитаға көшуімен байланысты, ал кейбірде молекулалардың
иондануымен де байланысты болады. Ионизация /иондану/ дегеніміз
молекуланың оң иондануымен электрондарға немесе оң және теріс иондарға
бөлінуі. Иондану шарты: W≥W
н
, бұл жерде W
н
- жылулық қозғалысты қосып
алған молекуланың қосымша энергиясы.
Газдың қысымы және температурасының
берілген мәндерінде, өрістің
анықталған кернеулігінде пәрменді соқпа иондануы басталады, себебі q мен λ
әрбір газдарға тұрақты болады. Бұл өріс кернеулерін ( Е
б
) бастапқы кернеулік
дейміз. Кейбір жағдайларда өрістің әсерінен өтеген электрондар молекуланы
ыдыратпайды, бірақ қоздыруы мүмкін.
Келесі жағдайда қоздырылған молекула өзінің артық энергиясынан
сәулесін таратып - фотон ретінде шығарады. Фотонды басқа молекула
қабылдауы мүмкін соның нәтижесінде сол молекула ионданады.
Осындай
ішкі фотондық газдың иондануы, сәуле шығару тез өткендіктен, газдың
өткізгіш-тігін көбейтеді. Газды тесіп өту
құбылысы электр өрісінің
тектестігінің дәрежесіне байланысты.
Қалыпты өрісте тесіп өту, температура мен газ қысымына байланысты
мағынасы қатаң белгіленген кернеуде өте тез болады. Егерде кернеу көзінің
қуаты үлкен болған жағдайда электродтардың арасында ұшқын пайда болады,
содан кейін сол ұшқын доғаға ұласады. Қалыпты жағдайда қысым 0,1 МПа,
температура 20
0
С электродтардың арасы 1 см болса, ауаның электрлік
беріктігі шамамен 3,2 МВ/м (32 кВ/см). Газдың электрлік беріктігі көптеген
факторлармен байланысты. Біртектес емес өріс кернеулігінің кризистік
мәндерінде тәж тәріздес бөлшектену
разрядтар пайда болады, сонан соң
кернеулік ұлғайған сайын тәж ұшқынға, ары қарай доғаға айналады. Екі
электродтың арасындағы ауа разрядына қарағанда,
қатты диэлектриктің
бетіндегі ауа разряды (беттік разряд) кішірек кернеуге өтеді. Разрядтық
кернеуге электродпен диэлектриктің бейнесімен анықталатын электр өрісінің
түрі, өрістің жиілігі, диэлектриктің бетінің жәйі, ауаның қысымы, ылғалдығы
әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: