§ Конкурстың механикасын (өту барысы мен ережелерін) мұқият
ойластыру;
§ Конкурстың ережелерін, өту аумағын (қай қала, ел тұрғындары
қатыса алады), жеңімпазды анықтау шарттарын нақты жазып шығу;
§ Конкурстың нәтижесін және жеңімпазды анықтайтын күнді және
конкурстың өту мерзімін алдын ала белгілеп қою;
§ Қандай жүлде ойналатыны және оны алу жолдары (егер сыйлық
кішігірім болса, оны ұйымдастырушылар өздері поштамен жібергені
абзал. Себебі, болмашы кішкентай сыйлық үшін ешкім қаланы
шарлап шыққысы немесе басқа қалаға барғысы келмейді. Ал сіздің
сыйлықты поштамен өз қаражатыңызды төлеп жіберуіңіз, сіздің
беделіңізді көтереді).
Конкурс барысында барынша негативтен аулақ болуға тырысыңыз.
Ол үшін, қатысушылардың шарттарды ережеге сай орындауын
бақылаңыз. Сұрақтарына уақытылы жауап беріңіз, барлығын егжей-
тегжей түсіндіруден жалықпаңыз.