Психология


психофизиологиялық параллелизм



Pdf көрінісі
бет11/322
Дата07.02.2022
өлшемі10,53 Mb.
#90053
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   322
психофизиологиялық параллелизм
атанған идеалистік бағыт 
кең өріс алды. Бүл бағыттың мэні: психика жэне тэн қатар, 
бірақ өзара тәуелсіз жасайды. Мүңдай идеалистік көзқарасты 
дәріптеушілер 
Вундт, Эббингауз, Спенсер, Рибо, Джемс,
т. б.
Шамамен, осы дэуірде психология дені жөнінде жаңа 
түсініктер қылаң бере бастады. Ойлау, сезу, қалау қабілеттеріне 
сана атауы беріліп, психика санамен баламаластырылды. 
Осыдан жан психологиясы орнына 
сана психологиясы
жүзеге 
келді. Бірақ сана көп уақытқа дейін басқа табиғи үдерістердің 
бәрінен оқшауланған ерекше кұбылыс ретінде қаралды. Енді 
саналық өмір Алла жаратқан ақыл көрінісі немесе сананы кур­
ган қарапайым элементтері бар 
субъективтік сезім
нәтижесі 
деп есептелді. Бірақ идеалистік бағыттағылардың бэрін бірік- 
тірген жалпы пікір: психикалық болмыс — бұл ғылыми талдау- 
ға келмейтін, себебін түсіндіру мүмкін емес, тек қана өзіндік 
бақылаумен танылатын субьектив дүние екендігі. Мұндай түсі- 
нім кең етек алып, ал бұл бағыттағы идеализм 
интроспекттік
(ішке үңілу) сана тағылымы атын алды. Осыдан сана өзімен өзі 
шектеліп, психика объектив болмыс пен субъекттің ѳзінен де 
толығымен ара байланысын үзді.
XIX ғ. екінші жартысында дербес ғылымға айналған пси- 
хологияның дамуы өз алдына эртүрлі мақсаттарды белгілеп, 
әртүрлі зертгеу тәсілдерін қолданған, бір-бірін ауыстырып 
отырған теориялар таласында жүріп отырды. XIX ғ. аяғындағы 
барша теориялар, XX ғасырдағы біршама тағылымдар сананың 
осы 
интроспекттік
психологиясы шеңберінде зерттелді. Бұл 
теориялар бойынша психологиялық зерттеулердің бэрі қор- 
шаған орта мен адам іс-әрекетіне байланыссыз жан толғаныс-


тарымен кѳріністерге негізделді. Ал сана мен ми арасындағы 
қатынас бул теорияларда дуализм бағытында шешімін тапты.
Интроспекттік
психология аймағындағы теориялардың 
бір-бірінен айырмашылығы сананы кұрылымы, мазмүны және 
бслсенділік дэрежесіне қарай эрқилы сипаттаудан болды, яғни 
бір сипаттама жетекші деп есептелінді. Осы тұрғыдан идеалис' 
тік сана психологиясы өз зерттеулерін 5 бағытта алып барды:
• саналық элементтер теориясы (В. Вундт, Э. Титченер);
• саналық эрекеттер психологиясы (Ф. Брентано);
• саналық ағым (сел) теориясы (У. Джемс);
• дербес құрылым психологиясы (гештальтпсихология);
Дильтей суреттеме психологиясы.
Бул тсориялардың бэріне ортақ түсінім: қоршаған дүниемен 
белсенді қатынастағы адам орнына сана қойылып, оның бар 
іс-әрекеті сана белсенділігі деп танылды.
Психологияда эксперименттік әдістің орныгуын қарамастан, 
бул дэуірде аталған теориялардың бәріне тэн ерекшелік — 
психикалық құбылыстардың 
мэнін түсіндіру емес,
тек қана 
суреттеп нақтылау.
1879 ж. Вундт Лейпцигте алғашқы экспе- 
рименталды лаборатория уйымдастырды. Сана психологиясына 
эксперимент кою мүмкіндігі ашылды: зерттеуші белгілі жағдай- 
лар жасап, онда психикалық үдерістердің өтуін бақылап барды. 
Бірақ бұл бақылаулардың ерекшелігі: адам өзінің ішкі жан- 
күйін, сезімін, ой толғанысын өзі бақылайды, осыдан мұндай 
зерттеуде интроспекттік аталған эдіс қолданылды. Мұндай ба- 
қылау, элбетте, басты ғьшыми талап-объективтілікке сай кел- 
мейді. Осының салдарынан XX ғ. басында, бір жағынан — гы- 
лыми объективдық білімдер дамуына орай талаптардан, екін- 
шіден элеуметтік-экономикалық өркендеу сұраныстарынан 
интроспекттік психологияның дагдарысы көрініс берді.
Адам әрекет-қылығын қадағалап, бақылау құрал-жабдық- 
тарын дайындауды қажет еткен капиталистік өндіріс өдісте- 
рінің дамуына байланысты практикалық міндеттер алдында 
«сана психологиясы» өз дәрменсіздігін байқатты.
Осыдан XX ғ. екінші он жылдығында психологияның жэне 
бір бағыты пайда болып, оның өкілдері психологияның жаңа 
пэнін жариялады: ол психика да емес, сана да емес, ал сырттай 
бақыланатын, негізінен адам қозғалысының жиынтығы — 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   322




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет