тарымен кѳріністерге негізделді. Ал сана мен ми арасындағы
қатынас бул теорияларда дуализм бағытында шешімін тапты.
Интроспекттік
психология аймағындағы теориялардың
бір-бірінен айырмашылығы сананы кұрылымы, мазмүны және
бслсенділік дэрежесіне қарай эрқилы сипаттаудан болды, яғни
бір сипаттама жетекші деп есептелінді. Осы тұрғыдан идеалис'
тік сана психологиясы өз зерттеулерін 5 бағытта алып барды:
• саналық элементтер теориясы (В. Вундт, Э. Титченер);
• саналық эрекеттер психологиясы (Ф. Брентано);
• саналық ағым (сел) теориясы (У. Джемс);
• дербес құрылым психологиясы (гештальтпсихология);
Дильтей суреттеме психологиясы.
Бул тсориялардың бэріне ортақ түсінім: қоршаған дүниемен
белсенді қатынастағы адам орнына сана қойылып, оның бар
іс-әрекеті сана белсенділігі деп танылды.
Психологияда эксперименттік әдістің орныгуын қарамастан,
бул дэуірде аталған теориялардың бәріне тэн ерекшелік —
психикалық құбылыстардың
мэнін түсіндіру емес,
тек қана
суреттеп нақтылау.
1879 ж. Вундт Лейпцигте алғашқы экспе-
рименталды лаборатория уйымдастырды. Сана психологиясына
эксперимент кою мүмкіндігі ашылды: зерттеуші белгілі жағдай-
лар жасап, онда психикалық үдерістердің өтуін бақылап барды.
Бірақ бұл бақылаулардың ерекшелігі: адам өзінің ішкі жан-
күйін, сезімін, ой толғанысын өзі бақылайды, осыдан мұндай
зерттеуде интроспекттік аталған эдіс қолданылды. Мұндай ба-
қылау, элбетте, басты ғьшыми талап-объективтілікке сай кел-
мейді. Осының салдарынан XX ғ. басында, бір жағынан — гы-
лыми объективдық білімдер дамуына орай талаптардан, екін-
шіден элеуметтік-экономикалық өркендеу сұраныстарынан
интроспекттік психологияның дагдарысы көрініс берді.
Адам әрекет-қылығын қадағалап, бақылау құрал-жабдық-
тарын дайындауды қажет еткен капиталистік өндіріс өдісте-
рінің дамуына байланысты практикалық міндеттер алдында
«сана психологиясы» өз дәрменсіздігін байқатты.
Осыдан XX ғ. екінші он жылдығында психологияның жэне
бір бағыты пайда болып, оның өкілдері психологияның жаңа
пэнін жариялады: ол психика да емес, сана да емес, ал сырттай
бақыланатын, негізінен адам қозғалысының жиынтығы —
Достарыңызбен бөлісу: