1.4. Психологияның гылымдар жүйесіндегі орны
Психологияның басқа ғылымдар жүйесіндегі орнын тануға
орай психологиялық деректердің басқа ғылымдарда пайдалану
мумкіндіктерін және, керісінше, психология олардың нэти-
желерін өзіне қалай қолданатынын жете түсінуге болады. Әр-
түрлі тарихи дәуірлердегі ғылымдар арасындағы психологияның
орны жантаным білімдерінің даму деңгейі мен сарап (класси
фикация) схемасынан келіп шыгады. Атап айту керек, қоғамның
рухани даму тарихында бірде бір білім саласы ғылымдар жүйе-
сіндегі өз орнын психология ға ұқсап жиі өзгертіп тұрған емес.
Қазіргі күнде академик
Б.М. Кедров
ұсынған сарап әдісі қабыл-
данған. Бұл эдіс ғылымдар арасындағы мазмұндық жақындыққа
орай көп тарапты байланыстарға негізделген. Ұсынылған сүлба
— шыңдарына жаратылыстану, элеуметтік жэне философиялық
ғылымдар қонақтаған — үш бұрыш формасында. Ғылымдардың
негізгі тобының мүндай орналасуы олардың пэні мен әдісте-
рінің психология пэні мен әдістеріне нақты жақындығынан.
Зерттеу барысында қойылған міндеттерге орай психология өз
бағытын үшбүрыш шыңдарының біріне бүрып отырады.
Психологияның жалпы ғылыми білімдер жүйесіндегі қызметі
— зерттеу объективы адам, түлга болған барша ғылым сала-
ларының жетістіктерін біріктіріп, байланыстыру.
Психологияның аталған ғылымдық үш бұрышпен байланы-
сының мазмұндық сипаты қандай?
Психологияның негізгі міндеті — психикалық іс-әрекет
зандарын даму барысында зерттеп, тану. Осы зандар арқылы
объектив дүниенің адам миында қалай бейнеленетіні, осыған
орай оның әрекеттері қалай реттелетіні, психикалық қызметтің
дамуы мен жеке адамның психикалық қасиетері қалай қа-
лыптасқаны айқындалады. Психиканың шынайы болмыс бей-
несі екені белгілі, сондықтан психологиялық зерттеулер ең
алдымен психикалық құбылыстардың адамның объектив өмір
шарттары мен қызметіне тәуелділігін тануға бағытталуы тиіс.
Сонымен бірге, адамдардың эрқандай іс-әрекеті барлық уақытта
адам өмірінің объектив жағдайларымен байланысып қалмас-
тан, оның субъектив мезеттерімен де қатынаста болады. Ғылыми
психология барша психикалық құбылыстардың (қаншама күр-
делі болмасын) материалдық негізі бас миы қыртысындағы
уақытша байланыстар
жүйесі болатындығына арқа сүйей
отырып, субъектив жэне объектив жағдайлардың өзара ықпал-
ды болатынын шынайы заңдылықты дэлелге негіздеп бере алады.
Осы байланыстардың түзілуі жэне олардың қызметтес болуынан
психикалық құбылыстар адам іс-эрекетіне ықпал жасап, оны
реттеп, бағыттайды, шындықты санада бейнелеуде адамға өз
эсерін тигізеді.
Сонымен, психикалық құбылыстардың адам өмірі мен әре-
кетінің жағдайларына тэуелдік заңдылықтарын аша отырып,
психология осы әсерлердің мидағы бейнелену тетіктерін де
айқындайды. Осыған орай, психология физиологиямен, дәлірек
айтсақ, жоғары жүйке қызметі физиологиясымен өте жақын
байланыста.
Психологияның дербес ғылымға айналуында оның XIX ғ.
басталған
жаратылыстану гылымдарымен
бірлікте зерттелуі
үлкен маңызға ие болды. Осы байланыстың нәтижесінде пси-
хологияға экспериментальдық эдіс енді. (Г. Фехнер), рефлек-
торлық теория ашылды (И.М. Сеченев, И.П. Павлов). Қазіргі
заман психология мәселелерінің зерттелуіне Ч. Дарвиннің эво-
люциялық теориясы да үлкен ықпалын тигізіп, тіршілік иелері-
нің құбылмалы орта жағдайларына икемделудегі психиканың
рөлін анықтауға, жоғары психикалық әрекет формаларының
қарапайым түрлерден туындайтынын түсінуге мүмкіндік берді.
Жәндікгер дүниесі мен жоғары омыртқалылардың тіршілік
қағидаттары арасындағы айырмашылықтарды да білгеннің
маңызы үлкен. Икемделудің жалпы биологиялық қағидаттарын
білмей, жануарлар қылық-әрекеттерінің ерекше бітістерін дэл
тусіну мүмкін емес, ал онсыз адамның күрделі формадағы
психикалық эрекеттерін ұғу биологиялық тұғырынан айыры-
лады. Сонымен бірге естен шығармайтын жэйт, психология
гылымының пэндік негізін құрайтын деректерді ешуақытта
биологиялық деректермен баламаластыруға болмайды.
Психология үшін оның қоғамдық ғылымдармен байланысы
үлкен маңызға ие. Тарих, экономика, этнография, әлеуметтану,
өнертану, заң жэне т. б. зертттеулеріндегі мәселелер әрдайым
психологиямен тікелей байланысты. Көп жағдайда адамдардың
жеке жэне ұжымдық әрекеттерінің тетігі, әрекет, эдет, әлеу-
меттік бағыт, тэртіп-талап заңдылықтары жөніндегі білімдерді
пайдаланбай, кейіп, сезім, психологиялық жағдайды танып біл
мей, жеке адамның ерекшеліктері мен психологиялық қасиет-
терін, қабілетін, сезімін, мінезін, адамаралық қатынастарын
зерттемей, элеуметтік үдерістер мен құбылыстардың мэні толық
ашылмайды, яғни, ықшамдап айтсақ, элеуметтік үдерістерді
зерттеуде психологиялық жағдаятты ескеру — заңды қажет-
тілік. Психологиялық жағдаяттар өздігінен элеуметтік үдеріс-
терді багыттай алмайды, керісінше, олардың өзін осы коғам-
дық жайттарды талдау арқылы түсіну мүмкін. Тұлғаның пси-
хикалық іс-әрекеттерінің негізгі формалары қоғамдық — тарих
шарттарына орай туындап, шынайы болмыс, іс-әрекет жағ-
дайында өрісін тауып, еңбекке, еңбек құралдары мен тілді
қолдануға байланысты қалыптасады. Келтірілген пікірлер пси-
хологияның қогамдық ғылымдармен болған байланысының
маңыздылығын дәлелдеп түр. Егер жануар қылық-эрекетінің
қалыптасуы тіршіліктің биологиялық жағдайларына түбегейлі
тэуелді болса, адам қылығының қалыптасуы қоғамдық тарих
шарттарымен ажырамас байланыста. Ең алдымен психикалық
әрекет-қылықтың адамға тэн ерекшеліктерін зертгейтін психо
логия ғылымы қоғамның негізгі заңдарын қорытушы элеу
меттік ғылымдар деректерінсіз бір кадам да ілгерілей алмайды.
Адамның психикалық әрекетіне арқау болатын қоғамдық шарт-
тарды зейінділікпен көре білу психологияның берік ғылыми
тұғырға орнығуьна мүмкіндік береді.
Психологияның
педагогикамен
байланысына аса назар
аударған жөн. Әлбетте, бұл сабақтастық бұрыннан да белгілі,
кезінде К.Д. Ушинский: «Адамды жан-жақты тәрбиелеу үшін
оны жан-жақты зерттеу қажет», — деген еді. Бүл арада пси-
хологияның практикалық маңызы нақты көрініп тұр. Егер
педагогика психологиялық құбылыстардың табиғаты жөніндегі
білімдерге сүйенбесе, онда ол қарадүрсін педагогикалық кеңес-
тер мен көрсетпелер жиынтығына айналып, шын мэнінде ғы-
лым болудан қалып, мұгалімге ешқандай жәрдем бере алмайды.
Педагогиканың барша салаларының (жалпы теория, дидак
тика, пэн әдістемесі, тәрбие теориясы) даму барысында психо-
логиялық зерттеулерді қажет ететін мэселелер туындап оты-
рады. Психикалық үдеріс зандылықтары: білім, ептілік жэне дағ-
дылардың қалыптасуын; адам қабілеттері мен сеп-түрткілерін,
оның психикалық дамуын тұтастай білу, оқу-үйретімнің эр
үйренімнің сатысындағы білім мазмұнын анықтау, тэлім мен
тәрбиенің ең тиімді әдістерін нақтылау жэне т. б. сияқты өзекті
педагогикалық мэселелерді шешуде елеулі мағына-маңызға ие.
Қазіргі кезенде нарықтық қоғам мектебінің түлегін неге
үйрету керек? Ғылым топтаған асқар тау ақпарат қорынан мек-
теп үшін нендей білімді жэне оны қалай алу керек? — деген-
дей мың сан мәселе қордаланып түр. Бұлардың бэріне шешім
табу, адамның эр жас деңгейіндегі психикалық даму мүм-
кіндіктерін жэне олардың жеке шешімдерін белгілеу
педа-
гогикалық психопогияның
міндеті.
Психологияның аса қажеттігі педагогиканың тэрбие мэсе-
лелеріне орай байқалады. Тәрбиенің мақсаты — даму жолын-
дағы қоғам талаптарына сай түлғаның қалыптасуына жол кор
сету. Ал бұл мақсатқа жету тұлғаның қалыптасу зандылық-
тарын: бағыт-багдар, қабілет, қажеттілік, дүниетаным жэне т.б.
— зерттеуді қажет етеді. Айтьшғандар қазіргі заман психо-
логиясының ғьшымдар тоғысында тұрғанының дәлелі, яғни
психология бір жағында философия ғылымдары, екінші тара-
пында жаратылыстану ғылымдары, үшінші жағында әлеуметгік
ғылымдар болтан аралықта орналасқан.
Солай болса да, барша ғылымдармен байланыса, психология
ѳз пэніне, өзінің теориялық қағидаттарына жэне өзінің зерттеу
әдістеріне иелігімен дербестенетін ұмытпау керек. Дербес ғылым
ретінде психология аймағында өзара байланысы сырт көзге
байқала бермейтін эртүрлі ерекше білім салалары ұштасып
жатады, мысалы, психофизиология мен әлеуметтік психология.
Бұлар, сырттай қарағанға «сиыспайтындай» болғанымен бір
ғылым саласынан, себебі олардың түпкі де түбегейлі міндеті бір
— психикалық құбылыстың мэнін зерттеу.
Психология қай ғылым саласымен байланысса да, оның
зерттеу объективі жалғыз-ақ; ол —
Достарыңызбен бөлісу: |