қыртыстарының ең маңызды қызметі. Уақытша жүйке байла-
нысы ми қызметі ретінде психикалық іс-әрекетгің қай бірінің
болмасын негізгі физиологиялық тетігі болып табылады. Миға
қандай да бір тітіркендіргіш эсер етпей, ешбір психикалық
кұбылыс өздігінен туындамайды. Әрқандай психикалық үдеріс
пен қалаған уақытша байланыстың соңғы нәтижесі тыс эсер-
лерге жауап сипатындағы сырттай көрініс берген әрекет.
Психикалық қызмет осыдан объектив дүние заттары мен
кұбылыстарының эсерінен туындаған мидың рефлекторлық
бейнелеу жұмысы. Уақытша жүйке байланысын әрқандай пси-
хикалық іс-эрекеттің физиологиялық тетігі деп танудың
маңыздылығынан психологиялық құбылыстың физиологиялық
құбылыстармен бірдейлігі келіп шықпайтынын есте сақтаған
жөн. Психикалық іс-эрекет тек қана физиологиялық тетік
сипатымен шектеліп қалмай, мидағы бейнеленген нақты дүние,
яғни психикалық құбылыстың мазмұнымен байланысты. Жа-
нуарлар мен адамдардың сыртқы ортамен сабақтастығының
ми тарапынан басқарылып, реттелу зандылықтары жөніндегі
И.П. Павлов тұжырымдарының жиынтығы
Достарыңызбен бөлісу: