Психология



Pdf көрінісі
бет13/322
Дата07.02.2022
өлшемі10,53 Mb.
#90053
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   322
саналық психология
болмыс пен сананың, объективдық дүние мен субъекгив бол- 
мыстың ара қатынасын идеалистік тұрғыдан шешті. 
Бихе-
виористер
болса, сол мәселені дәрекі материализм көзқарасы- 
мен түсіндірді, олар үшін психикалық құбылыс пен материал- 
дық дүние арасында айырмашылық болмады. Осылай, қате 
эдіснамалық бастаулар өз пэнін дұрыс анықтауда психология- 
ның жолына кесе-көлденең тұрып алды. Бұл тығырықтан 
шығудың жолын диалектикалык материализм тапты. 
Диалек-
тикалық материализм
үшін барша дүниенің негізі жалғыз-ақ 
материя, ал психика, ойлау, сана одан туындағын екінші саты- 
дағы құбылыс.
Диалектикалық материализм тұрғысынан материя алғашқы, 
ал сана — екінші, одан туындаушы, яғни шынайы дүниенің ми- 
дағы бейнесі. Осы түсінікке орай материалдық болмыс (заттар, 
дүние құбылыстары) мен идеалдық (заттық дүниенің сезім, ой 
т.б. түрінде бейнеленуі) бір-біріне тікелей қарама-қарсы. Бірақ 
бұл қайшылық салыстырмалы сипатта, себебі түйсік, ой, ce­
ll


зімдер т. б. — материалдық мүшенің — мидың әрекеті, сырткы 
тітіркендіру құаттарының сана өміріне айналуының нәтижесі. 
Психика, сана ми қызметінен ажырауы мүмкін емес, олардың 
басқа жасау тәсілі жоқ. Материя, психика жэне сананы бұлайша 
түсіну диалекгикалық материализмнің заттасқан дүние (мате­
риальность) жөніндегі ережесімен түбегейлі сай болып түр. 
Әлемде эртүрлі қасиеттерге ие, мэңгі қозғалыста болып, мэңгі 
жасаушы материядан басқа ешқандай бастау болуы мүмкін 
емес. Материяның козғалысы бұл тек орын ауыстыру емес, оның 
қалаған өзгерімі, кұбылуы, бір күйден екініш күйге түсуі.
Материяның дамуы — бұл оның қарапайым формадан жо- 
ғары формата жетілуі, қарапайым қозғалыстан жоғары қозға- 
лысқа өтуі. Алғашқыда тек органикалық емес материя, өлі та- 
биғат болды. Дамудың белгілі бір сатысында, өзінің ұзақка 
созылған эволоциясының нэтижесінде материя органикалық 
қасиеттерге ие болды, материя козғалысының жаңа формасы 
мен жаңа қасиеті — өмір, табиғат жиынтытына енді. Табиғат- 
тың даму үдерісінде өсімдіктер, жануарлар, келе-келе мате- 
рияның ең жоғары туындысы — 
санага ие адам
пайда болды.
Ғылыми психология тірек еткен диалектикалық материализм 
категориялары жүйесінде 
бейнелеу теориясы
басты маңызға 
ие. Себебі осы категорияға орай психиканың жалпылама жэне 
мэнді сипаты ашылады: эрқандай психикалық құбылыстар 
объектив дүниесінің субъекгив бейнеленуінің түрлі формалары 
мен деңгейлерін көрсетеді. Бейнелеу теориясы психология 
ғылымының мэнін анықтауда, оның әдістерін таңдауда, дерек- 
тер, түсініктер, түжырымдар тобынан қажеттісін ажыратуда 
жалпы әдіснамалық бағдар мэнін атқарады.
Психикалық қүбылыстың органикалық материя қасиеті 
ретіңде сапалық ерекшелігі неде?
Барша материя бейнелеу қасиетіне ие. 
Психика -материя
ңасиеті, мидың ңызметі
болумен психика дамуының алғы 
шарты — бейнелеудің ерекше формасы. Психика материяның 
даму желісінде, оның бір қозғалыс формасынан екіншісіне өзге- 
ріп барады. Биологиялық эволоция барысында заңцылықты пай­
да болып, психика сол эволюцияның маңызды бірлігіне айна- 
лады. Бейнелеу қасиеті негізінде ағзаның қоршаған ортамен кең 
салалы жэне сан алуан байланыстары түзіледі.


Сыртқы, заттасқан дүние болмайынша тіршілік иесінің ішкі 
психикалық өмірі болуы мүмкін емес, яғни сана, психика өзінен 
тыс жэне тэуелсіз жасайтын танымдық болмыстың бейнесі. 
Егер де осы қоршаған дүние шыңдығы болмаса, санадағы оның 
бейнесі жөнінде эңгіме козғау қажетсіз. Әртүрлі психикалық 
амал — нақты болмыстың бір бөлшегі де, оның бейнесі де.
Сонымен, психиканың қызметі, біріншіден — қоршаған дүние 
заттары мен құбылыстарының қасиеттерін, байланыстарын 
бейнелеу, екіншіден — осының негізінде адам қылығы мен 
қызмет — әрекетін реттестіру. Психиканы диалектика-материа- 
листік тұрғыдан қарастыру — эрқандай ішкі жан-күйлік кұбы- 
лыстардың өзімен өзі шектелмегенін, шындықтан бөлінбей, 
онымен түбегейлі эрі тығыз байланыста екенін танытады.
Диалектикалық материализм тұрғысынан психологиялық 
ғылыми білімдердің құрамы неден тұрады, яғни пэні не? Бұл 
— ең алдымен психикалық өмір деректері.
Ғылымдағы күрделі міндеттердің бірі — зандылықты сипатқа 
ие байланыстар мен қатынастарды тани білу. Ғылымдық қатал 
талап — болмыс заңдарын ашып қана қоймастан, олардың 
әрекеттік аймағы мен қолдану жағдайларын көрсете алу. Сон- 
дықтан да 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   322




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет