жалпыпсихология иелейтінін атап өткен жөн. Бұл тараудың
негізгі міндеті — психологияның әдіснамалық мәселелері мен
тарихын, психикалық құбылыстар пайда болуының, дамуының
жэне болмысының жалпыланған заңдылықтарын ғылыми нақ-
тылау. Сонымен бірге жалпы психология танымдық жэне прак-
тикалық іс-әрекетті де зерттейді. Жалпы психология зерттеу-
лерінің нэтижесі — психология ғылымының барша салалары
мен бөлімдерінің ірге тасы қызметін атқарады.
Жалпы психологияда ғылымның теориялық қағидаттары
мен маңызды әдістері жөнінде таным игеріліп, оның негізгі
пэндік түсініктері сипатталады. Барластыру колайлығымен бұл
түсініктер үш негізгі категориялар төңірегінде топтастыры-
лады: