2. ПСИХОЛОГИЯДА ҚАЛЫПТАСҚАН ҒЫЛЫМИ БАҒЫТ- БАҒДАРЛАР 1. XX гасырдыц 20-30 жылдарындагы психология дагдарысы. 2. Батыстьщ психологияның бүгінгі жагдайы. 3. Ғылыми пси хология қагидаттары мен жалпы зерттеу әдістері. 2,1. XX гасырдың 20-30 жылдарындагы психология дагдарысы XX ғ. басында өркендей бастаған ғылым мен өндіріс-эко-
номикалық талаптарына орай сана (интроспекттік) психоло-
гиясының дағдарысы қылаң берді. Интроспекттік психология
практикалық қолданба енгізулерді қажет еткен капиталистік
өндіріс мәселелері алдында өз дәрменсіздігін байқатты. Оның
субъектив әдістері қоғамның объектив қажеттіктеріне сай ке-
летін ұсыныстарға шамасы жетпеді. Осыдан психология зерт-
теулерін жаңа, объектив эдістер түғырына орнықтыру жолдары
іздестіріле бастады.
Сана психологиясының дағдарысы, сонымен бірге, ғасыр
аяғында Францияда кең өріс алган невропатология жэне пси
хиатрия саласындағы зерттеулердің нэтижесімен де байла-
нысты еді. Бул зерттеулер адам психикасының кейде саналы
басқарылмайтын құбылыстармен көрініс беретінін дәлелдеді.
Мұндай бейсанаға тәуелді эрекет-қылықтар эксперименталды
жэне клиникалық талдауға алынды. Осының нәтижесінде пси
хология сана жөніндегі гылым емес деген пікір пайда болды.
Бүл дәуірдегі психологияның қарқынды дамуына Ч. Дар-
виннің эволюциялық тағылымы да үлкен ықпал жасады. Бұл
ілімге орай барша психологиялық дүние қоршаған орта мен тір-
шілік иесінің икемдесу эрекетін ажырауы мүмкін емес деген
тұжырым орнықты. Эволюциялық теория ықпалында интро
спекция әдісін (үңіле тану) қолдану мүмкін емес бала мен
хайуанат психикасын зерттеу етек алды.
Осылайша эртүрлі ыкпалдар мен жағдайлар ғылымда бір-
неше жаңа психологиялық теориялардың туындауына себепші
болды. Жаңа теория өкілдері сана психологиясын психика
жөніндегі жаңа тұжырымдамалармен толықтыру немесе оны