67
білімнің теоретикалық негіздемесінің бір түрі ретінде көрінуі
мүмкін. Ғылыми шындықты негіздеудің ерекше тәсілдері – жай
таным мен діннен ғылымды өзгеше етеді, бұнда көбінесе нанымға
байланысты қабылданады және тікелей тұрмыстық тәжірибеден
көрінеді. Ғылыми танымға міндетті түрде теоретикалық және
эмпирикалық
негіздеме, логика және ғылыми ақиқатты растайтын
дәлелдердің басқа түрлері кіреді.
Қазіргі логика – бір жақты емес, онда логиканың өзіндік
тараулары мен түрлерін бөліп қарауға болады, олар әртүрлі
мақсатта, түрлі тарихи кезеңдерде туған және өңделген тауарлар
мен түрлер. Мысалға, дәстүрлік логика өз силлогистикасы және
дәлелдеме схемаларымен ғылыми
танымның ерте кезеңдерінде
туындаған. Ғылымның мазмұны мен ұйымдасуының күрделенуі
логика предикаттары мен классикалық емес логикалар модальдық
логика, уақыт қатынасының логикасы, интуиционистік логиканың
қалыптасуына септігін тигізді. Осы логикаларға негізделген құралдар
белгілі бір ғылыми ақиқат немесе оның негізін растау жоққа
шығару мақсаттары бар.
Дәйектеме (дәлел) – ғылыми білімді теоретикалық негіздеудің
кең таралған процедурасы және оның негізінен дұрыс пікірді
логикалық айтуды көрсетеді.
Дәлелде үш элементті бөлуге болады:
а) тезис – пікір,негіздеуді қажет етеді;
б) аргумент немесе негізі – тезис
шығатын және негізделетін
дұрыс пікір демонстрация – бірнеше сапалы қорытындысы бар пікір;
в) ойлау, мұнда бір немесе бірнеше ой-пікірлер кіреді. Ойлауда
логикалық ой-пікірлер, категориялдық силлогизмдер, индуктивтік
ойлар, аналогиялар айтылады.
Эмпирикалық негіздемеге белгілі тәуелділік немесе
заңдылықты растау және қайталау процедурасы кіреді. Ғылыми
тезисті растау
құралдарына ғылыми дерек, анықталған эмпирикалық
өлшем ретінде мынадай көрінеді: ғылыми қауымдастық
академиялық ғылым өкілдері – экспертпен бақыланған құбылыстың
сенімді кұралдарын қабылдамаса, оларды қайталау мүмкіндігі
болмаса, қолданылады, сондықтан бұл құбылыстар ғылыми зерттеу
мәніне жатпайды, ең алдымен парапсихология, уфология
және тағы
басқа сияқты білім салаларына қатысты.
Логикалық дәйектеме өлшемі – ғылымилықтың басқа
өлшемдері сияқты үнемі және толық іске жол бермейді, мысалға
А.Черчтың екінші ретті предикаттарды есептеуді дәлелдеуге
қатысты нәтижелері, К.Гедельдің натуралдық арифметикасының
формальдық қайшылықсыздығын
дәлелдеу теоремасын айтуға
68
болады. Бұл жағдайда ғылыми құралдарға қосымша логикалық-
әдістемелік принциптер, қосымшалық принциптер, белгісіздік
принципі, классикалық емес логика тағы басқа енгізіледі.
Егер ғылыми зерттеу затын құру мүмкін болмаса, ғылымилық
өлшем жүзеге аспауы мүмкін. Бұл кез-келген бүтіндікке қатысты,
яғни дәйектеме мәнінде объективтелмейтін принципиалды,
немесе
Гуссерльдің сөзімен айтсақ, логикалық құралмен айтылмайтын
алдын-ала түсінік сияқты «кеңістік», «фон» қалса, онда ғылыми
таным түсіну мен интерпретациялық өзіндік әдістері ретінде
герменевтикалық процедуралармен толығады. Оның мәні оның
бөлшектерімен элементтері ашық болу үшін ең алдымен бүтінді
танып алу қажет.
Ғылымилық өлшемдердің қатынасы ғылымның үнемі
дамуын, мәселелік кеңістіктің кеңеюін,
ғылыми ізденімнің жаңа
тиімді құралдарының туындауын растайды. Ғылымилық өлшемдері
ғылым дамуындағы маңызды регулятивтік элементтер болады. Яғни,
ғылым шынайылықтың жалпы және заттай түсінігі ретінде
бақылаушы (растаушы және қайталаушы) деректерге, рационалды
түрде қалыптасқан және жүйеленген ойлар мен жағдайларға,
дәлелдеуді қажет етуге сүйенеді. Ғылымилық өлшемдері ғылымның
ерекшелігін анықтайды және адами ойлаудың жалпы және әмбебап
тануға бағытталғандығын көрсетеді.
Ғылым тілі логикалығы мен
жүйелілігімен (ұғымдарды нақты қолдану, олардың байланысын
белгілеу, олардың ізділік негізі, бірінен соң бірінің шығуы)
өзгешеленеді. Ғылым бүтіндік құрылыс болып табылады. Ғылыми
кешеннің барлық элементтері өзара байланысты, белгілі қосалқы
жүйелер мен жүйелергебірігеді.
Достарыңызбен бөлісу: