Карбозова булбул давлетханкызы


Қoрғaуғa ұcынылaтын негізгі тұжырымдaр



Pdf көрінісі
бет19/108
Дата07.02.2022
өлшемі3,13 Mb.
#90258
түріДиссертация
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   108
Байланысты:
karbozova-b-d-dissert

Қoрғaуғa ұcынылaтын негізгі тұжырымдaр: 
- қазіргі қазақ тіл біліміндегі омонимия құбылысына тән терминдерді 
біріздендіріп, жүйелеу қажет. Өйткені бұл салаға қатысты жекелеген ұғым 
атаулары әртүрлі нұсқада аралас қолданылып жүр. Осы қолданыстардың 
дефинициясында бірізділік сақталмай отыр. Бұл өз деңгейінде білім 
алушыларды шатастыруға алып келетіні сөзсіз. Омонимдік ұғымға енетін 
лексикалық бірліктерді нақтылау білім сапасын арттырудың маңызды шарты 
болып саналады.
- омонимияны тұтастықта таныту үшін тілдік құбылыс ретінде оның ішкі 
(натуралды) лингвистикалық «әлеуеті» мен өзіндік ерекшеліктерін арнайы 
элективті пән ретінде оқытудың тиімділігі жоғары болады. Осы тұрғыда 
омонимдерді құрылымдық-мазмұндық ерекшеліктеріне қарай толық және 
жартылай деп топқа бөліп үйрету оңтайлы. Толық омонимдерге лексикалық, 


11 
лексика-грамматикалық, аралас омонимдерді, ал жартылай омонимдерге 
омограф, омофон, омоформа тобына жататын сөздерді жіктеп оқыту болашақ 
мамандардың кәсіби әлеуетін жетілдіруге мүмкіндік береді.
- омонимия құбылыстарын білім алушының тіл туралы дүниетанымын 
қалыптастыруға, олардың ұлттық санасын дамытуға бағыттай отырып оқыту 
студенттердің тұлғалық және коммуникативтік құзыреттіліктерін дамытуға оң 
ықпал етеді. Ол үшін тілдік бірліктерді ұлттық-танымдық тұрғыдан меңгертуге 
басымдық берілуі керек. Бұл орайда омонимдердің танымдық-семантикалық 
құрылымын инновациялық технологияларды қолданып үйрету тиімді. 
- болашақ тілші мамандарға омонимдерді меңгертуді модульдеп оқыту 
тиімді. Себебі модульдеп оқыту тілдік нысанды таныту аспектілерін нақты әрі 
саналы үйретуге жол ашады. Ол ЖОО студенттеріне ұсынылатын оқу 
пәндерінің білім мазмұнындағы бірегейлікті жүзеге асыруға мүмкіндікті 
молайтады: лексикология аясында омонимдік құбылыстарға қатысты 
теориялық материалдарды жаңа талап тұрғысынан саралап, оны оқытудың 
әдістемелік жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет