Эксперименттік база ретінде Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы алынды.
Зерттеу жұмыcының ғылыми жaңaлығы. - қaзaқ тіл біліміндегі омoнимия теoрияcының зерттеу бaғыттaры
aйқындaлып, метaтілі жүйеленді.
- омонимдік бірліктер топтастырылып, омонимдердің когнитивті-
семантикалық құрылымын ашудың ғылыми-тілтанымдық негіздері анықталды;
- ЖОО-ның филология мамандықтарына омонимдік құбылыстарды
оқытудың ғылыми-әдіснамалық негіздері айқындалды және омонимдерді
арнайы пән ретінде оқытудың қажеттігі экперимент арқылы дәйектелді.
- ЖОО студенттеріне омонимдердің когнитивті-семантикалық құрылымын
меңгертудің әдістемесі жасалып, «Омонимдердің когнитивті семантикасы»
пәнінің әдістемелік кешені ұсынылды.